|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 8 шілдедегі № 629 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 407-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 1-бөлімде Ұйымдастыру іс-шаралары: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1.2-1-жолмен толықтырылсын:
реттік нөмірі 1.6-жолда: 2-бағанның екінші абзацы алынып тасталсын; 5-бағандағы «2008 - 2009 жылдар» деген сөздер алынып тасталсын; 6-бағандағы «25 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 15 млрд. теңге; 2009 жылы - 10 млрд. теңге» деген сөздер алынып тасталсын; реттік нөмірі 1.7-жолда: 2-бағандағы «жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйді» деген сөздер «мемлекеттік жалға берілетін үйлерді» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «28,7 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 9,6 млрд. теңге; 2009 жылы - 9,6 млрд. теңге; 2010 жылы - 9,5 млрд. теңге»; реттік нөмірі 1.10-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «13 млрд. 492 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 1 млрд. 026 млн. теңге; 2009 жылы - 4 млрд. 624 млн. теңге; 2010 жылы - 7 млрд. 842 млн. теңге»; реттік нөмірі 1.11-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «6 млрд. 508 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 1 млрд. 123 млн. теңге; 2009 жылы - 2 млрд. 599 млн. теңге; 2010 жылы - 2 млрд. 786 млн. теңге»; реттік нөмірі 1.12-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «2008 жылғы III тоқсан»; 2-бөлімде Ипотекалық кредит беру жүйесін жетілдіру: реттік нөмірлері 2.1, 2.2, 2.3-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2.4-жолмен толықтырылсын:
3-бөлімде Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту: реттік нөмірі 3.1-жолда: 2-баған «жарғылық» деген сөзден кейін «және резервтік» деген сөздермен толықтырылсын; 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «10 млрд. 300 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 6 млрд. 600 млн. теңге; 2009 жылы - 1 млрд. 900 млн. теңге; 2010 жылы - 1 млрд. 800 млн. теңге»; реттік нөмірі 3.2-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «57 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 23 млрд. 560 млн. теңге; 2009 жылы - 18 млрд. 277 млн. теңге; 2010 жылы - 15 млрд. 163 млн. теңге»; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3.3-жолмен толықтырылсын:
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |