|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессия үлгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1326 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартта: 1-тармақтағы «және билік ету» деген сөздер алынып тасталсын; 14, 16, 17, 18, 37, 44, 45, 46, 47, 58 және 59-тармақтардағы «Үлгі» деген сөздер алынып тасталсын; 7) тармақшадағы «міндеттемелерді» деген сөзден кейін «орындамаған немесе» деген сөздермен толықтырылсын; 8) тармақшадағы «құқығы бар» деген сөздер «құқылы» деген сөзбен ауыстырылсын; 18-тармақтың 10) тармақшасындағы «құқығы бар» деген сөздер «құқылы» деген сөзбен ауыстырылсын; 1) тармақшадағы «күшімен» деген сөзден кейінгі «Үлгі» деген сөз алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 19-1) және 19-2) тармақшалармен толықтырылсын: «19-1) «Концессиялар туралы» Қазақстан республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға; 19-2) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылатын қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге; «Объектіні пайдалану» деген 6-бөлімде: 40-тармақтағы «Үлгі шарттың 41-тармағына сәйкес көрсетілген іс-әрекеттерді Концедент жүзеге асырған жағдайды қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын: «40-1. Концессионер қолданыстағы заңнамаға сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін көрсетеді.»; 41 және 42-тармақтар алынып тасталсын; 43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «43. Концессия объектілері кепілдік мәні болып әрекет ете алмайды.»; «Концессионердің Концедентке объектіні беру тәртібі» деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын: «49-1. Мемлекетттік меншікке концессия объектілерін қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»; «Концеденттің Үлгі шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі» деген 8-бөлім мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын: «52-1. Бақылаудың негізгі бағыттары: 1) концессия объектілерінің бейінін пайдалану мен сақтаудың тиімділігі; 2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемін арттыру және сапасын жақсарту; 3) өзіндік құнын төмендету және қызметтің кіріс бөлігін арттыру; 4) шартта анықталған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау; 5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі үлгі шартта: «Негізгі ұғымдар мен анықтамалар» деген бөлім алынып тасталсын; «Шарттың орындалуына кепілдіктер» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9-1. Концессионер қолданыстағы заңнамаға сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін көрсетеді.»; «Тараптардың құқықтары мен міндеттері» деген 5-бөлімде: 13-тармақтың 8) тармақшасындағы «құқығы бар» деген сөздер «құқылы» деген сөзбен ауыстырылсын; 14-тармақтың 9) тармақшасындағы «құқығы бар» деген сөздер «құқылы» деген сөзбен ауыстырылсын; 16-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын: «13-1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін көрсету; 13-2) «Концессиялар туралы» Қазақстан республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға; 13-3) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылатын қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге; 13-4) объектінің және/немесе мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелін көтеруге ____________________________________________________________________ (күнтізбелік күндермен анықталған кезең немесе Тараптар олардың ____________________________________________________________________ басталуымен көрсетілген кезеңде міндеттемелердің туындауын ____________________________________________________________________ байланыстыратын оқиғаны көрсетумен - керегі көрсетілсін);»; «Концеденттің Шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі» деген 6-бөлім мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын: «17-1. Бақылаудың негізгі бағыттары: 1) концессия объектілерінің бейінін пайдалану мен сақтаудың тиімділігі; 2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемін арттыру және сапасын жақсарту; 3) өзіндік құнын төмендету және қызметтің кіріс бөлігін арттыру; 4) шартта анықталған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау; 5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |