|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы №921 бекітілген ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 Қаулысымен күші жойылды
Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу
1. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Концессия туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген. 2. Ереже концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін анықтайды. 3. Алдағы орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілердің бекітілген тізбесі (бұдан әрі - тізбе) негізінде тізбеге енгізілген объектілерді концессияға беру жөнінде конкурс өткізіледі.
2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу
4. Тізбеге енгізілген объектілер бойынша концессионерді таңдау концессиялық жобалар бойынша ашық конкурс өткізу жолымен жүзеге асырылады. 5. Мыналар конкурсты ұйымдастырушы болып табылады: 1) республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессиялық объектілерге қатысты - тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы; 2) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессиялық объектілерге қатысты - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы. 6. Конкурстық құжаттаманың мазмұны және оны әлеуетті концессионерлерге беру шарттары, сондай-ақ әлеуетті концессионерлерге қойылатын біліктілік талаптары Заңның 17 және 18-баптарына сәйкес айқындалады. 7. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу үшін тәуелсіз сарапшылар тартуы мүмкін. 8. Конкурсты ұйымдастырушы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге конкурстық құжаттаманы ұсынады. 9. Конкурстық құжаттамаға сараптама жасау үшін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады. Конкурстық құжаттамаға сараптама оны берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 10. Конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушы бекітеді. 11. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында конкурсты өткізу туралы ақпаратты жариялау міндетті болып табылады және Заңның 19-бабының 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 12. Конкурсты ұйымдастырушы ұсынылған конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманы көшіруге кеткен нақты шығындардан аспайтын ақы алуы мүмкін. 13. Ықтимал концессионер конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен жүгіне алады. Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу тіркелген сәттен бастап үш күн мерзімде сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпей-ақ, оған жауап береді, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге осындай түсіндіруді хабарлайды. 14. Конкурсты қайта өткізген кезде әлеуетті концессионер конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен жүгіне алады. 15. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей, өз еркімен немесе әлеуетті концессионердің сұранысына жауап ретінде хаттама ресімдеу жолымен, ал конкурсты қайта өткізген кезде - он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізе алады. Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және олар туралы конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама жіберген барлық әлеуетті концессионерлерге тез арада хабар жіберіледі. Бұл ретте конкурстық өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімін конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерлер бұл өзгерістерді конкурстық өтінімдерде ескеруі үшін кемінде отыз күнтізбелік күн мерзімге, ал конкурсты қайта өткізген кезде - кемінде он бес күнтізбелік күн мерзімге ұзартады. 16. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін әлеуетті концессионерлермен кездесуді конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және уақытқа сәйкес өткізуге құқылы. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы олардың шығу көзін көрсетпей-ақ, осы кездесу барысында ұсынылған конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттаманы жасайды. 17. Конкурстық өтінімдерді қарау мен іріктеуді: республикалық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты - Қазақстан Республикасының Үкіметі; тиісті әкімшілік-аумақтық меншіктің коммуналдық меншігіне жататын концессия объектілеріне қатысты - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы құратын концессия жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) жүзеге асырады. 18. Тиісті конкурсты ұйымдастырушы комиссияның жұмыс органы болып табылады. 19. Комиссия хатшысы ұйымдастырушыны отырысқа дейін кемінде бес күнтізбелік күннен кешіктірмей комиссия отырысының мерзімі, уақыты мен өтетін орны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді. 20. Комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады. 21. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық жобаларға талдау мен сараптама жасау үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тартады. 22. Концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық жобалар тапсырылған күннен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде оларға талдау мен сараптама жүргізеді. 23. Конкурстық құжаттамада көрсетілген оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін түскен конкурсқа қатысуға арналған өтінімі бар конвертті не конкурсқа қатысуға өтінімнің құрамдас бөлігі болып табылатын құжаттарды және (немесе) материалдарды ұсынуға жол берілмейді. 24. Егер белгіленген мерзімде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдер келіп түспесе не конкурсқа қатысуға бір өтінім келіп түскен болса, онда осы концессия объектісі бойынша үшінші және одан кейінгі конкурстарды қоспағанда, конкурс өткізілмеген болып есептеледі. 25. Егер конкурс үшінші рет өткізілсе және конкурсқа қатысуға бір ғана конкурстық өтінім ұсынылса, комиссия осы өтінімде берілген концессиялық жобаны оның іске асырылу мүмкіндігі тұрғысынан қарайды. 26. Қарау қорытындылары бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия мүшелері, конкурсқа қатысушылар, сондай-ақ комиссия хатшысы қол қояды. 27. Концессиялық жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жобаларға қойылатын өлшемдердің негізінде үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен комиссия концессиялық жоба мен концессия шарттары талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді. 28. Келіссөздер дайындау шеңберінде концессиялық жоба және концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды комиссия өтініш иесіне жазбаша нысанда концессияның осы нысаны бойынша комиссияның келесі отырысы өткізілетін күнге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жіберуі тиіс. 29. Келіссөздер жүргізудің қорытындылары бойынша оның нәтижелері туралы коммиссияның тиісті шешімі қабылданады. Келіссөздер барысында конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық жобаның бастапқы өлшемдері мен сипаттамасына өзгерістер енгізуге жол берілмейді. 30. Егер концессиялық жобасы үздік деп танылған конкурсқа қатысушы концессиялық жоба мен шарттың талаптарын комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан жағдайда не оның ұсыныстары конкурстың талаптары тұрғысынан қолайсыз болып табылса, онда комиссия осы концессиялық жобаны қарамайды және концессионерді таңдау жөнінде ашық конкурс өткізу жолымен үздік концессиялық жоба қайтадан таңдап алынады. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша комиссия шешімімен концессиялық жоба бекітіледі, ал өтінім беруші конкурстың жеңімпазы болып танылады. Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді. 31. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары шешімге қол қойылған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде концессия шартының жобасын экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жібереді. 32. Концессия шартының мазмұны Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады. 33. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган концессия шартының жобасын сараптау үшін ол ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады. Концессия шарттарының жобаларына сараптаманы концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді. 34. Концессия шартының жобасына концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жүргізген сараптаманы алғаннан кейін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ол ұсынылған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде концессия шартының жобасын келіседі не тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына немесе жергілікті уәкілетті органдарға дәлелді ескертулерді жібереді. 35. Концессия шарттарының жобаларын келісу концессия шарты жобасының титулдық парағына оң немесе сол жақ төменгі бұрышына «КЕЛІСІЛДІ» деген белгіні, уәкілеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолын, тегін, аты-жөні мен лауазымын, уәкілетті органның елтаңбалық мөрі мен келісу күнін қою арқылы көрініс табады. 36. Ескертулер алған кезде конкурсты ұйымдастырушы концессия шартының жобасын пысықтайды және келісу үшін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға оны қайта жібереді. Концессия шартының жобасын қайта қарау мен келісуді экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ол ұсынылған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 37. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазымен концессия шартын жасасады. 38. Концессия шартын жасау мерзімі конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап тоқсан күнтізбелік күннен артық болуы мүмкін емес. 39. Мемлекеттік құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстардың нәтижелері туралы мәліметтерді ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
40. Ашылған конкурстық өтінімдер әлеуетті концессионерлерге қайтарылмайды. 41.Объектілерді концессияға беру бойынша жүргізілген конкурстардың материалдары іс номенклатурасына сәйкес конкурсты ұйымдастырушыда сақталады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |