Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 954 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 222 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамына:
Арал теңізі, Сырдария өзені және Шардара су қоймасы бойынша мыналар енгізілсін:
| Қарлыханов Әділхан Қарлыханұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының бастығы |
| Дауылбаев Берік Сансызбайұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің бастығы |
| Ермаханов Заулхан Кенжеғалиұлы | - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Арал филиалының директоры (келісім бойынша) |
көрсетілген құрамнан Жақсылықов Әлиайдар Жақсылықұлы, Камалов Сәтпай Бұрханұлы, Құлмағамбетов Тыныштық Құлмағамбетұлы шығарылсын;
Балқаш көлі, Алакөл көлдер жүйесі, Іле өзені және Қапшағай су қоймасы бойынша мыналар енгізілсін:
| Досымбеков Тынышбай Досымбекұлы | - Алматы облысы әкімінің орынбасары (келісім бойынша) |
| Әбдікеров Рысқали Қалиақбарұлы | - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (келісім бойынша) |
көрсетілген құрамнан Тойбаев Әлихан Әбдіханұлы, Камалиев Берік Сайлауұлы шығарылсын;
Зайсан көлі, Бұқтырма және Шүлбі су қоймалары, Ертіс өзені және Қ.Сәтпаев атындағы канал бойынша мыналар енгізілсін:
| Ромашов Юрий Төлегенұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары, төраға |
| Бәстенов Төлеген Қаратайұлы | - Павлодар облысы әкімінің орынбасары (келісім бойынша) |
| Плотников Сергей Викторович | - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (келісім бойынша) |
| Қабдығали Мират | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының бастығы |
| Билялов Ермекқазы Ережепұлы | - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алтай филиалы директорының міндетін атқарушы (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Сүлейменов Қанат Бостанұлы, Вербняк Александр Федорович, Белихин Иван Васильевич, Білімбаев Асылбек Нағымбетұлы, Куликов Евгений Вячеславович шығарылсын;
Каспий теңізі, Жайық өзені және Қиғаш өзені бойынша мыналар енгізілсін:
| Тұрымов Серікбай Өтелгенұлы | - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары (келісім бойынша) |
| Тасыбаев Манас Мұхитұлы | - Атырау облысы әкімінің орынбасары (келісім бойынша) |
| Қуанов Бисен Отарұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының бастығы |
| Қаметов Бақыт Хамидоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының бастығы |
| Ахмет Марат Исаұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының бастығы |
| Бокова Елена Борисовна | - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Атырау филиалы директорының міндетін атқарушы (келісім бойынша); |
көрсетілген кұрамнан Керелбаев Сақып Бүркітбайұлы, Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы, Сабыров Өтеген Имматұлы, Есетов Марат Жақсылықұлы, Баянов Хали Темірболатұлы, Сисенғалиева Гүлсім Жайшылыққызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |