Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
болып енгізілсін; көрсетілген құрамнан Әбілезов Қарыбай Тілеубергенұлы шығарылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
болып енгізілсін; көрсетілген құрамнан Есімов Ахметжан Смағұлұлы шығарылсын. 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Әбілезов Қарыбай Тілеубергенұлы, Есімов Ахметжан Смағұлұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|