|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1254 қаулысына толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 572-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде: 3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) генетикалық түрлендірілген организмдерді зерттейтін ветеринариялық зертхана салу.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |