|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007ж, № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; 2008 жылғы 25 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы Заңы; 2008 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджеттік процесті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы): 1) 48-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «монополистік қызметті жүзеге асыру» деген сөздерден кейін «немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 147-5-бап мынадай редакцияда жазылсын: «147-5-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу 1. Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны табыс етпеуі, сол сияқты белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны белгіленген мерзімдерін бұза отырып табыс етуі - дара кәсіпкерлерге - екі жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер (әрекетсіздік) - дара кәсіпкерлерге - екі жүз елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ақпаратты, есепті, хабарламаны табыс ету міндетін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы - дара кәсіпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, табыс (түсім) алуға әкеп соққан іс-әрекеттер (әрекетсіздік) - дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескерту. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) деп табиғи монополия субъектісі алған табыс (түсім) пен табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде алуға тиіс табыс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.»; 3) мынадай мазмұндағы 147-6, 147-7, 147-8, 147-9-баптармен толықтырылсын: «147-6-бап. Электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін бұзу 1. Спот-сауда-саттықта (өздері өндіретін электр энергиясы көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа өткізу (сату) жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның электр энергиясының тиісінше шекті, жеке, есептік тарифінен асатын тариф бойынша электр энергиясын өткізуі (сатуы) - заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Электр энергиясын экспорттаған жағдайды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуі (сатуы) - әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Теңгерімдеуші нарықтағы сатып алу-сату жағдайын қоспағанда, энергиямен жабдықтаушы ұйымның энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға электр энергиясын өткізуі (сатуы) - әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескерту. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) деп мыналар түсініледі: осы баптың бірінші бөлігі бойынша: осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның алған табысы (түсімі) мен электр энергиясының тиісінше шекті, есептік, жеке тарифі бойынша есептелген табыс (түсім) арасындағы айырма; осы баптың екінші және үшінші бөліктері бойынша: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салуды бұзу нәтижесінде алынған барлық табыс (түсім). Табыс (түсім) құрамына өткізілген (сатылған), бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген электр энергиясының құнын да енгізу керек. 147-7-бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттерді бұзуы 1. Реттелетін нарық субъектісінің баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып босату бағалары туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті, сондай-ақ монополиялы өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі мен босату бағалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпеуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпаратты табыс етуі - дара кәсіпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Реттелетін нарық субъектісінің бағалардың алдағы көтерілетіні туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынбай тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын көтеруі және оларды өткізуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға деңгейіне дейін Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қолданыстағы немесе жобаланған бағаны түсірмеуі - дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескерту. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) деп реттелетін нарық субъектісінің алған табысы (түсімі) мен бағаны көтергенге дейін қолданыста болған баға бойынша не деңгейін табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға бойынша есептелген табыс (түсім) арасындағы айырма түсініледі. Табыс (түсім) құрамына сатылған, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге дейін ақысы төленбеген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнын да енгізу керек. 147-8-бап. Реттелетін нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін сақтамауы Реттелетін нарық субъектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген баға белгілеу тәртібін сақтамауы - дара кәсіпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 147-9-бап. Энергия өндіруші ұйымның инвестициялық бағдарламаны орындамауы Энергия өндіруші ұйымның табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы орындамауы - тұтынушылардан алынған және инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған сомалардың он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 4) 356-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы «130,» деген цифрлардан кейін «147-9,» деген цифрлармен толықтырылсын; тақырып пен мәтіндегі «саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді» деген сөздер «салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктегі «147-5-бабында» деген сөздер «147-5, 147-6, 147-7, 147-8, 147-9, 186, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;»; 6) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отыз бесінші абзацындағы «саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді» деген сөздер «салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат): 134-баптың 2-тармағындағы «табиғи монополиялар» деген сөздерден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын. 3. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат): 6-баптың алтыншы бөлігіндегі, 14-баптың бесінші бөлігіндегі, 16-баптың төртінші бөлігіндегі «саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді» деген сөздер «салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат): 8-2-баптың 4-тармағындағы, 36-3-баптың 2-тармағындағы «қызметті бақылау мен реттеуді» деген сөздер «және реттелетін нарықтардағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат): 19-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді» деген сөздер «салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат): 1) тақырыбы «Табиғи монополиялар» деген сөздерден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын; 2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Заң табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы қызметті реттейді, сондай-ақ тұтынушылардың, табиғи монополиялар субъектілерінің және реттелетін нарықтар субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.»; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың, сондай-ақ реттелетін нарықтардағы баға белгілеуді мемлекеттік реттеу мен бақылаудың құқықтық негіздерін айқындау;»; 2) тармақша «табиғи монополия» деген сөздерден кейін «, реттелетін нарық» деген сөздермен толықтырылсын;»; 4) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын: «1-1-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.»; 1-тармақтағы «монополия» деген сөз «монополиялар, реттелетін нарықтар» деген сөздермен ауыстырылсын, 2-тармақта «монополиялар», «монополиялардың» деген сөздерден кейін тиісінше «, реттелетін нарықтар», «реттелетін нарықтардың» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын: «3-2. Реттелетін нарық субъектілері үшін осы Заңда көзделген мемлекеттік реттеу мен бақылау реттелетін нарық шегінде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеуге қатысты ғана қолданылады.»; 6) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: «3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау - бекітілген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) және (немесе) тарифтік сметаларда амортизациялық аударымдардың есебінен көзделген қаражатты реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) пайдаланылатын тіркелген активтердегі күрделі қаржы салымдарына және тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі борышты қайтаруға байланысы жоқ мақсаттарға жұмсау; 2) жалпыға бірдей қызмет көрсету - табиғи монополиялар субъектілері қызметін жүзеге асыратын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсына алатын Қазақстан Республикасының белгілі бір аумағында табиғи монополиялар субъектілерінің барлық тұтынушыларға көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуы; 3) жария тыңдау - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) немесе оның шекті деңгейінің жобасын мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін шақыра отырып талқылау рәсімі; 4) инвестициялық бағдарлама - бір немесе бірнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған табиғи монополия субъектісінің жаңа активтерді жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға жұмсалған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы; 5) инвестициялық жоба - жаңа өндірістерді салуға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені; 6) инвестициялық тариф (баға, алым ставкасы) - жаңадан құрылған объектілерде көрсетілетін табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уәкілетті орган бір инвестициялық жобаның шеңберінде бекіткен, салынған инвестициялар толық өтелгенге дейін қолданылатын тариф (баға, алым ставкасы) немесе оның шекті деңгейі; 7) қаржылық сараптама - табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын және уәкілетті органның шешімдерін орындауын бағалау мақсатында оның қаржы-шаруашылық қызметін, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес өзге қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлінуін, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне қолданылатын тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) әсерін талдау, тарифтік сметаның орындалуын және есепке алу саясатының сақталуын, инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуын тексеру (бағалау); 8) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі - мынадай: жалпы белгіленген қуаты, қоса алғанда жиырма Гкал/сағатқа дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді; көлемі жылына 150 мың текше метрге дейін су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі; 9) қысқа мерзімді кезең - бір жылға дейінгі уақытты қоса алғанда уақыт аралығы; 10) орташа мерзімді кезең - бес жылға дейінгі уақытты қоса алғанда бір жылдан асатын уақыт аралығы; 11) реттелетін нарықтар - реттелетін нарық субъектілері үшін осы Заңға сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген тауар нарықтары; 12) реттелетін нарық субъектісі - мыналар: реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізіліміне енгізілген; Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатураға енгізілген өнімді, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізетін (табиғи, мемлекеттік монополия субъектілерін және энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда) дара кәсіпкер немесе заңды тұлға; 13) стратегиялық тауарлар - табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын, су шаруашылығы және кәріз жүйелерін беру және тарату салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін - электр энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін - газ; 14) стратегиялық тауарларды өндірушілер: стратегиялық тауарларды өндіретін; стратегиялық тауарларды өндіруге (өңдеуге) арналған шикізаттың меншік иесі болып табылатын; Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық тауарларды тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін жеке және заңды тұлғалар; 15) табиғи монополия - көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі; 16) табиғи монополия саласы - дара кәсіпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектісі болып танылуы мүмкін көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығында туындайтын қоғамдық қатынастар саласы; 17) табиғи монополия субъектісі - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға; 18) табиғи монополия субъектісінің аффилиирленген тұлғасы - шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) табиғи монополия субъектісі қабылдаған шешімге, оның ішінде шарттың, ауызша шартты немесе өзге мәмілені қоса алғанда, күшіне орай әсер ету мүмкіндігі бар (берілген өкілеттіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) тұлға, сондай-ақ оған қатысты табиғи монополия субъектісінің осындай құқығы бар кез келген тұлға; 19) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар); 20) тариф (баға, алым ставкасы) - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) құнының уәкілетті орган бекіткен ақшалай көрінісі; 21) тарифтік смета - уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша бекітетін кірістер мен шығыстар баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері; 22) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейі - орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтің (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |