"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және
Осы редакция 2008 жылғы 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн: 1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 145-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде: ескертудің екiншi абзацындағы "Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрі сату мақсатты пайдалануға жатпайды" деген сөйлем алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 4, 24-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесінде: 5-тармақтың екiншi абзацындағы "Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрi сату мақсатты пайдалануға жатпайды" деген сөйлем алынып тасталсын. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
|