«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінін (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4287 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 28 шілдедегі № 139 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспедегі «монополиялар» деген сөзден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесінде: 1-тармақтағы «монополиялар» деген сөзден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтағы «және келісілген» деген сөздер алып тасталсын; 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|