Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін
Осы редакция 2008 жылғы 22 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қылмыстардан жәбiрленген адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн реттейтiн заңды соттардың қолдану практикасын талқылап және «Қазақ ССР-інің сот құрылысы туралы» Заңының 51-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді: 1. Соттардың назары олардың Конституция кепiлдiк жасаған жәбiрленушінің жеке басына, оның саяси, еңбек, тұрғын үй және басқа жеке және мүлiктiк құқығы мен мүдделерiне қоғамға қауiптi қол сұғушылықтарды қарау жөніндегі қызметтерiнде жәбiрленушiлердiң құқықтық қорғауын қамтамасыз ету деңгейiн төмендететiн түйiндi кемшiлiктер бар екенiне аударылсын. 2. Соттар жәбiрленушiлердiң оларға жүктелген, шақыру бойынша келу және шындықты айтып жауап беру мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қатал және дәйектілікпен сақтау iс бойынша шындықты анықтауға және заңды, дәлелдi әдiл шешiм қабылдауға көмектесетінін ескерулерi қажет. 3. Қоғамға қауiптi iс-әрекеттен моральдық, дене немесе мүлiктік зиян оған тiкелей келтiрiлген әрбiр адам, қылмыс жасаған адамның анықталғанына, оның жауапқа тартылғанына байланыссыз жәбiрленушi болып, танылады. Аяқталмаған қылмыстық әрекеттер жөніндегі iстер бойынша (қылмысқа даярланғандық, қылмыс жасауға оқталғандық) жәбiрленушi болып оған моральдық, дене немесе мүлiктiк зиян нақты келтiрiлгенде ғана танылады. Егер моральдық, дене немесе мүлiктiк зиян адамның зиянды келтiруге өзiнiң ерiктi келісімiнiң (мысалы, криминалдық абортпен байланысты, пара беру ж.б.) салдарынан пайда болған болса, оны жәбiрленушi деп тануға болмайды. Заңды ұйымдар жәбiрленушi деп танылмайды. Бұл ұйымдарға зиян келтiрiлген жағдайда олар азаматтық талапкер болып танылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|