Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы (ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 30.04.99 ж. № 3 қаулысымен; ҚР Жоғарғы Сотының 18.06.04 ж. № 3 Нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 22 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара Қылмыстық жаза қолданылатын контрабанда жөніндегі заңды дұрыс және бiрегей қолдану мақсатында Жоғарғы Сот Пленумы қаулы етедi: ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 30.04.99 ж. № 3 қаулысымен 1-тармақ өзгерді; ҚР Жоғарғы Сотының 18.06.04 ж. № 3 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара) 1. Тауарларды немесе басқа құнды заттар мен нәрселердi кедендiк шекара арқылы заңсыз алып өту контрабанда деп танылады. Соттар экономикалық контрабанда кезiнде, егер оған жауапкершiлiк Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабында (бұдан әрі - ҚК) көзделген болса, - мемлекеттiң экономикалық мүддесi, ал ҚК-тiң 250-бабында көзделген контрабанда болса, - қоғамдық және мемлекеттік қауiпсiздiк мүддесi негiзгi және тiкелей объект болып табылатынын ескеруi тиiс. Қылмыстық жаза қолданылатын контрабанданы әкiмшiлiк тәртiппен жазаланатын контрабандадан, сондай-ақ тауарларды және нәрселердi кеден шекарасы арқылы өткізумен ұласқан кедендiк ережелердi бұзудан шектейтін жағдайлар iрi мөлшердегi контрабанда немесе арнайы ережелер белгiленген нәрселердi өткізу болып табылады. Кедендiк және мемлекеттік шекара ұғымы Қазақстан Республикасының Кеден кодексі және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен анықталады. Кедендiк шекара өткізу бекеттерiнің, кедендiк постыларының қай жерде орналасқанына қарамастан еркiн кедендiк аймақтар мен еркiн қоймалар периметрiн қоспағанда құрлық аумағында, суларда, әуе кеңiстiгінде мемлекеттік шекарамен шектеседi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|