Қазақстан Республикасы Президентінің
Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес, ұйымдар мен мемлекеттік органдар тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың үлесін арттыру, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік органдардың қызметін ретке келтіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Мыналарға: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне: ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамтудың (бұдан әрі - қазақстандық қамту) үлесін ұлғайту жөніндегі мемлекеттік саясат шараларын талдап-тұжырымдау және іске асыру; қазақстандық қамту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және әдіснамалық қамтамасыз ету; бірлесіп бекітілген нысандар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері тұрақты негізде ұсынатын қазақстандық қамту бойынша жалпы ақпаратты жинақтау мен талдауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында қазақстандық қамтудың мониторингі, сондай-ақ тиісті ұйымдар ұсынатын жүргізілген, жүргізілетін және келесі жылға жоспарланатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты талдау; ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы қазақстандық қамтуды бақылау мен оның мониторингі және жолсыздықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|