|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 148 қаулысымен мақұлданған
Жоба
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу бойынша өзара іс-қимыл туралы (2009.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, осы Келісімге қол қойған ___________________ негізінде әрекет ететін ______________________ тұлғасында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын назарға ала отырып, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу және тұрғын үй объектілерін салуды аяқтауды қаржыландыруды уақтылы ұйымдастыру мақсатында төмендегілер туралы келісті.
Осы Келісімде мынадай ұғымдар пайдаланылады: Банк - осы Келісімге немесе Қосылу шартына қол қойған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің кез келгені; Қор - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы; Бірлескен іс-қимыл жоспары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары; Құрылыс салушы - Қордың қаражаты есебінен кредиттелетін объектілерді салуды жүзеге асыратын құрылыс компаниясы; Объект - құрылысын ЕББ арқылы Қор қаржыландыратын көп пәтерлі үй немесе жеке (технологиялық) тұрғын үй кешені; Тіркелген баға - ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілмеген тұрғын үйдің 1 (бір) шаршы метрінің құны Астана қаласында 96 000 (тоқсан алты мың) теңгеден және Алматы қаласында 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңгеден аспайтын сату құны; Еркін баға - Құрылыс салушы ұсынатын тұрғын үй құны; Жобалау компаниясы - құрылысын аяқтау 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жоспарланып отырған бір нақты Объектіні ғана («бір компания - бір Объект» қағидаты бойынша) салу мақсатында құрылатын компания. Құрылыстың аяқталуы деп орындалған жұмыстар актілерімен қабылданған Объекті бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын толық орындау түсініледі; Нысаналы мерзімді салым - Объектіні салуды аяқтауға кредит беру және/немесе тұрғын үйлерді сатып алушыларға ипотекалық кредит беру үшін Қор мен Банк арасындағы Нысаналы мерзімді банктік салым туралы шартта айқындалатын жағдайларда Қор Банкке беретін ақша; Алдын ала мерзімді салым - Келісімде белгіленген тәртіппен Нысаналы мерзімді салымға ақшаны одан әрі аудару мақсатында Қор мен Банк арасындағы Нысаналы мерзімді банктік салым туралы шартта айқындалатын жағдайларда Қор Банкке беретін ақша; Алдын ала мерзімді банктік салым туралы шарт - Банк пен Қор арасында жасалған Алдын ала мерзімді салымдарды орналастыру туралы шарт; Нысаналы мерзімді банктік салым туралы шарт - Банк пен Қор арасында жасалған Нысаналы мерзімді салымдарды орналастыру туралы шарт; Жинақ шоты - Банк тиісінше Алдын ала және Нысаналы мерзімді салымды орналастыру үшін ашқан Қордың жеке банктік жинақ шоты; Нысаналы пайдалану - Қордан алынған қаражат есебінен Объектіні салуға тікелей байланысты шығыстар төлемін және/немесе Объектідегі тұрғын үйді сатып алушыларға ипотекалық кредит беру; Техникалық аудит - Объектіні салуды аяқтау үшін қажетті соманы, құрылыс-жөндеу жұмыстарын жасау кестесін нақтылау мақсаттары үшін жүргізілетін Объектінің сараптамасы. Техникалық аудитті Банкпен келісім бойынша Қор бекіткен тізбедегі арнайы ұйым жүзеге асырады; Қосылу шарты - Қор және осы Келісімге қосылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі қол қоятын шарт. Осы Келісімге қосылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкісінің Қосылу шартына қол қоюы оған осы Келісімге сәйкес Банктің мәртебесін қамтамасыз етеді; Сатып алушылар пұлы - Объектіде сатылмаған пәтерлердің кемінде 30 %-ы мөлшерінде тұрғын үй сатып алушылардың (жеке тұлғалардың) бар екендігі; МСҚБ - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
1. Осы Келісімнің мәні Бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру және оларды нысаналы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қордың қаражаты есебінен Банктің қор жасауы арқылы Қор мен Банктің әділ әріптестігі негізінде Тараптардың Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылын жүзеге асыру болып табылады. 2. Тараптардың әріптестігі (өзара іс-қимылы) мынадай бағыттарда жүзеге асырылады: 1) ипотекалық кредит беру арқылы Тіркелген баға бойынша тұрғын үйді кейіннен сата отырып, Объектілерді салуды аяқтауды қаржыландыру; 2) Объектілерде еркін бағамен тұрғын үйді сатып алу үшін ипотекалық кредит беруді ұйымдастыру.
3. Тараптардың өзара әрекет ету тетіктері
Осы Келісімнің 2-бөлімінің 2-тармағында көрсетілген бағыттарды іске асыру төменде баяндалған тәртіппен жүзеге асырылады: «Ипотекалық кредит беру арқылы Тіркелген баға бойынша тұрғын үйді кейіннен өткізе отырып, Объектілерді салуды аяқтауды қаржыландыру» бағыты бойынша: 1. Осы бағытты іске асыру мақсаты үшін Банк: 1) Алдын ала мерзімді салым мен Нысаналы мерзімді салымды орналастыру үшін Қордың жеке Жинақ шоттарын ашады; 2) Банк кредит беруді жоспарлап отырған объектілерді салуды аяқтау үшін қажетті соманы көрсете отырып, қор жасауды жүзеге асыруға арналған өтінімді жасайды және Қормен келіседі; 3) Құрылыс салушы тарапынан құрылысын аяқтау Алдын ала мерзімді салымды орналастыру мерзімі ішінде 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жоспарланып отырған Объектілер бойынша бір немесе бірнеше Жобалау компанияларын заңнамада белгіленген тәртіппен құру жөніндегі шараларды қабылдайды. Техникалық аудит қорытындысымен расталған құрылыс-монтаждау жұмыстарын жасау кестелеріне сәйкес құрылысын аяқтау мерзімі 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей жоспарланып отырған Объектілер бойынша Жобалау компаниясын құру талап етілмейді; 4) Алдын ала мерзімді салымнан Нысаналы мерзімді салымға ақша аудару мақсаттары үшін Банк қажетті іс-шараларды жүзеге асырады және Қорға мынадай құжаттарды ұсынады: Құрылыс салушыға немесе Жобалау компаниясына кредит берген жағдайда: құрылысын аяқтау 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жоспарланып отырған Объектілер бойынша Жобалау компаниясын құруды растайтын құжаттар; аяқтау үшін қажетті соманы жабатын көлемде Объектіні салуды аяқтауға кредит беру туралы Банктің (Кредиттік комитеттің) уәкілетті органының шешімі; Банк пен Құрылыс салушы және/немесе Жобалау компаниясы арасында қолданыстағы банктік қарыз шарттары (оның ішінде негізгі шарттар мен Объектіні салуды аяқтау үшін Қордың қаражаты есебінен кредиттік ресурстар тікелей берілетін шарттар), барлық қосымша келісімдермен бірге; Техникалық аудит қорытындысы; МСҚБ-дан өткізілмеген пәтерлердің бар екендігі туралы анықтама. Банк Объектілерді салуды аяқтауға кредит беру үшін қарыз алушылармен жасалған/жасалатын банктік қарыз шарттарында МСҚБ-ның осындай анықтама беру үшін қажетті ақпаратты алуы мүмкіндігін қамтамасыз ететін тиісті ережелерді бекітіп беру жөнінде шаралар қабылдайды; Объектідегі тұрғын үйді сатып алу үшін ипотекалық кредит берген жағдайларда: Банктің (кредиттік комитеттің) уәкілетті органының Объектідегі тұрғын үй-жайды сатып алатын қарыз алушыларға ипотекалық кредит беру туралы шешімі; Банк пен Объектідегі тұрғын үй-жайды ипотекалық кредит беру бойынша сатып алатын жеке тұлғалар арасындағы қолданыстағы ипотекалық кредит беру шарттары (оның ішінде негізгі шарттар және Қордың қаражаты есебінен кредиттік ресурстар тікелей берілетін шарттар), барлық қосымша келісімдермен бірге; 5) Алдын ала мерзімді салымнан Нысаналы мерзімді салымға ақша аудару Нысаналы мерзімді салымның Жинақ шотында орналасқан ақшаға сәйкес Нысаналы мерзімді банктік салым туралы шарт негізінде жүзеге асырылады. Нысаналы мерзімді салымға кейінгі жарналарды Қор тоқсан сайын бұдан бұрын Нысаналы мерзімді салымға есепке алынған сомалардың толық игерілгенін Банк растағаннан кейін ғана жүзеге асырады; 6) Банк Нысаналы мерзімді салым есебінен және көлемінде Банк пен Құрылыс салушы/Жобалау компаниясы немесе Объектідегі тұрғын үй-жайды ипотекалық кредит бойынша сатып алатын жеке тұлғалар арасында жасалған Кредиттік шартпен айқындалған қарыздарды мынадай шарттармен береді: Банк Құрылыс салушыға және/немесе Жобалау компаниясына кредит берген жағдайда: сыйақының жылдық тиімді ставкасы 12,5 %-дан жоғары емес; 3 (үш) жылдан аспайтын мерзім; қарыз валютасы - теңге; қарыз алушыға негізгі қарызды төлеу жөнінде 3 (үш) жылға дейін, сыйақыны төлеу жөнінде 6 (алты) айға дейін жеңілдік кезеңін ұсыну мүмкіндігімен; Объектіде тіркелген баға бойынша тұрғын үйді сатып алу үшін Банк ипотекалық кредит берген жағдайларда: сыйақының жылдық тиімді ставкасы 10,5 %-дан жоғары емес; 15 (он бес) жылдан аспайтын мерзім; қарыз валютасы - теңге; Банктің тарапынан қандай да бір санкцияларсыз ипотекалық қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу құқығымен; алдын ала жарна сатып алынатын тұрғын үй құнының кемінде 20 %-ы (жиырма пайызы); қарыз алушыға негізгі қарызды төлеу жөнінде 2 (екі) жылға дейін жеңілдік кезеңін ұсыну мүмкіндігі. 2. Қор мыналарды қамтамасыз етеді: 1) Тараптармен келісілген Банктің өтінімдеріне сәйкес Объектіні салуды қаржыландыруға Құрылыс салушының тоқсандық қажеттілігі көлемінде Алдын ала мерзімді салымның жинақ шотына ақша орналастыруды; 2) Келісімнің 3-бөлімі 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған шарттарға сәйкес Алдын ала мерзімді салымнан Нысаналы мерзімді салымға ақша аудару; 3) Қаражатты орналастыру тәртібі мен шарттары Қор мен Банк арасында жасалатын Алдын ала мерзімді банктік салым туралы шартпен және Нысаналы мерзімді банктік салым туралы шартпен реттеледі; 4) Алдын ала мерзімді салымның шарты: 1) Алдын ала мерзімді салым мерзімі - 20 (жиырма) күннен 60 (алпыс) күнге дейін. Бұл ретте салымның нақты мерзімін көрсетілген уақыт лимиті шегінде осы Келісімнің 3-бөлімі 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген шараларды іске асыру қажеттілігіне сәйкес Қормен келісім бойынша Банк анықтайды; 2) Келісімнің 3-бөлімі 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының шарттарын 20 (жиырма) күннен артық уақыт кезеңінде орындау қажет болған жағдайда Банк Алдын ала мерзімді салымды орналастыру күнінен бастап 20 (жиырма) күн өткенге дейін Алдын ала мерзімді салымның Жинақ шотында қаражатты іс жүзінде орналастыру күнінен бастап 60 (алпыс) күннен аспайтын Алдын ала мерзімді салым мерзімін Қормен келісуге міндетті; 3) Алдын ала мерзімді салым бойынша сыйақы ставкасы мыналарды құрайды: алғашқы 20 (жиырма) күн ішінде - жылдық 8 % (сегіз пайыз); 21 (жиырма бірінші) күннен бастап 40 (қырқыншы) күн аралығында - жылдық 9 % (тоғыз пайыз); 41 (қырық бірінші) күннен бастап 60 (алпысыншы) күн аралығында - жылдық 10 % (он пайыз); 4) Банк Алдын ала мерзімді салымнан Нысаналы мерзімді салымға аудару үшін осы Келісімнің 3-бөлімі 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген рәсімдерді жүзеге асырады; 5) Қорға Алдын ала мерзімді салым мерзімі ішінде осы Келісімнің 3-бөлімі 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес құжаттарды тапсырмаған жағдайда Банк Нысаналы мерзімді салымға аударылмаған қаражатты Қорға қайтаруды қамтамасыз етеді, осыдан кейін жинақ шот жабылады. 5. Банк Нысаналы мерзімді салым есебінен және көлемінде Банк пен Құрылыс салушы немесе Жобалау компаниясы арасында жасалған Кредиттік шартта айқындалған қарызды Құрылыс салушыға немесе Жобалау компаниясына береді. 6. Құрылыс салушы немесе Жобалау компаниясы кредит беру үшін Нысаналы мерзімді салымның алдын ала шарттары: 1) салым бойынша сыйақы ставкасы жылдық 8 %-дан (сегіз пайыздан) аспайды; 2) Нысаналы мерзімді салым мерзімі 3 (үш) жылдан аспайды; 3) сыйақы төлем бойынша жеңілдік кезеңі 6 (алты) ай; 4) Нысаналы мерзімді салым Банк Қорға Құрылыс салушының немесе Жобалау компаниясының шоттарына ақшаны есептегендігін растайтын Құрылыс салушының немесе Жобалау компаниясының ағымдағы шотынан үзінді көшірмелерді және ипотекалық шарттар бойынша берілген ақшаның мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттарды берген кезде ғана игерілді деп саналады; 5) Банк ай сайын Қор және Банк арасындағы Мерзімді банктік салым туралы шартта белгіленген нысанға сәйкес Қорға қаражатты нысаналы пайдалану туралы есептілікті жібереді. 7. Егер Нысаналы мерзімді салымды игеру Банк Объектідегі тұрғын үйді сатып алатын жеке тұлғаларға ипотекалық кредит беру арқылы жүзеге асырылған жағдайда, ипотекалық кредит беру арқылы игерілген көлемдегі Нысаналы мерзімді салым бөлігінің мерзімі Тараптардың тиісті қосымша келісімге қол қоюы арқылы жылдық 7% (жеті пайыз) ставка бойынша 15 (он бес) жылға дейін ұзартылатын болады. «Объектілерде Еркін баға бойынша тұрғын үйді сатып алу үшін ипотекалық кредит беруді ұйымдастыру» бағыты бойынша: 8. Осы бағыттағы мақсаттарды іске асыру үшін Банк: 1) Алдын ала мерзімді салым мен Нысаналы мерзімді салымды орналастыру үшін Қордың жеке Жинақ шоттарын ашады; 2) Сатып алушылар пұлын қалыптастыратын қарыз алушыларға ипотекалық кредит беру үшін қажетті соманы көрсете отырып қор жасауды жүзеге асыруға арналған өтінімді жасайды және Қормен келіседі; 3) Құрылыс салушымен бірлесіп, осы Келісімнің 3-бөлімі 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Банктің жеке тұлғаларға ипотекалық қарыздар беруі шартымен Сатып алушылар пұлын қалыптастырады; 4) Алдын ала мерзімді салымнан Нысаналы мерзімді салымға ақша аудару мақсаттары үшін Банк қажетті іс-шараларды жүзеге асырады және Қорға мынадай құжаттарды ұсынады: Сатып алушылар пұлын қалыптастыратын қарыз алушылар тізімі; Банктің (Кредиттік комитеттің) уәкілетті органының Сатып алушылар пұлын қалыптастыратын қарыз алушыларға ипотекалық кредит беру туралы шешімі; Банк пен Объектідегі тұрғын үй-жайды ипотекалық кредит беру бойынша сатып алатын жеке тұлғалар арасында қалыптасқан Сатып алушылар пұлы шеңберінде жасалған Қордың қаражаты есебінен кредиттік ресурстар тікелей берілетін ипотекалық кредит беру шарттары; қалыптасқан Сатып алушылар пұлы шеңберінде жасалған ипотекалық кредит беру шарттары бойынша бастапқы жарнаны енгізуді растайтын құжаттар; 5) Нысаналы мерзімді салым есебінен және көлемінде Банк осы келісімнің 3-бөлімі 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жағдайларда объектідегі тұрғын үй-жайды ипотекалық кредит беру бойынша сатып алатын жеке тұлғаларға ұсынады. 9. Алдын ала мерзімді салымнан Нысаналы мерзімді салымға ақша аудару қалыптасқан Сатып алушылар пұлы шеңберінде жасалған ипотекалық кредит беру шарттарының жалпы сомасын жабатын көлемде Нысаналы мерзімді салымның Жинақ шотына орналастырылатын ақшаға сәйкес Банк пен Қор арасындағы Нысаналы мерзімді банктік салым туралы шарт негізінде жүзеге асырылады; 10. Қор мыналарды қамтамасыз етеді: 1) Тараптармен келісілген Банктің өтініміне сәйкес көлемде Алдын ала мерзімді салымның жинақ шотында ақша орналастыру; 2) осы Келісімнің 3-бөлімі 8-тармағының 4) тармақшасында айқындалған шарттарға сәйкес Алдын ала мерзімді салымнан Нысаналы мерзімді салымға ақша аудару. 11. Алдын ала мерзімді салымның шарттары: 1) Алдын ала мерзімді салымның мерзімі - 20 (жиырма) күннен 60 (алпыс) күнге дейін. Бұл ретте көрсетілген уақыт лимиті шегінде салымның нақты мерзімін Қормен келісім бойынша Банк осы Келісімнің 3-бөлімі 8-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген шараларды іске асыру қажеттілігіне сәйкес анықтайды; 2) Келісімнің 3-бөлімі 8-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптарын 20 (жиырма) күннен астам уақыт кезеңінде орындау қажет болған жағдайда Банк Алдын ала мерзімді салымның Жинақ шотындағы қаражатты іс жүзінде орналастырған күннен бастап 60 (алпыс) күннен аспайтын Алдын ала мерзімді салым мерзімін Алдын ала мерзімді салымды орналастырған күннен бастап 20 (жиырма) күн өткенге дейін Қормен келісуге міндетті; 3) Алдын ала мерзімді салым бойынша сыйақы ставкасы мыналарды құрайды: алғашқы 20 (жиырма) күн ішінде - жылдық 8 % (сегіз пайыз); 21 (жиырма бірінші) күнінен бастап 40 (қырқыншы) күні аралығында - жылдық 9 % (тоғыз пайыз); 41 (қырық бірінші) күннен 60 (алпысыншы) күн аралығында - жылдық 10 % (он пайыз); 4) Банк Алдын ала мерзімді салымнан Нысаналы мерзімді салымға аудару үшін осы Келісімнің 3-бөлімі 8-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген рәсімдерді жүзеге асырады; 5) осы Келісімнің 3-бөлімі 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қорға құжаттарды табыс етпеген жағдайда Алдын ала мерзімді салым мерзімі ішінде Банк Нысаналы мерзімді салымға аударылмаған қаражатты Қорға қайтаруды қамтамасыз етеді, осыдан кейін жинақ шот жабылады. 12. Нысаналы мерзімді салымның шарттары Банк пен Қор арасында жасалған жеке Банктік салым шартында анықталады. Банк Нысаналы мерзімді салым есебінен және көлемінде Банк пен Объектіде тұрғын үй-жайды сатып алушы жеке тұлғалар арасында жасалған ипотекалық кредит беру шарттарында айқындалған ипотекалық қарыздарды ұсынады. 13. Нысаналы мерзімді салымның ипотекалық кредит беру үшін алдын ала шарттары: Нысаналы мерзімді салым мерзімі 15 (он бес) жылдан аспайды; салым бойынша жылдық сыйақы ставкасы жылдық 7 % (жеті пайыз). 14. Нысаналы мерзімді салым Банктің ипотекалық шарттар бойынша берілген ақшаны мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттарды Қорға берген кезде ғана игерілген деп саналады. 15. Құрылысын аяқтауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимыл жоспары шеңберінде Банк арқылы Қор қаржыландырған және пайдалануға берілген (Мемлекеттік комиссия белгіленген тәртіппен қабылданған), сондай-ақ Келісімге қол қойылған сәтте Банк объектіні аяқтауды қаржыландыру кепілдігін берген жағдайда Банктің меншікті қаражаты есебінен ашылған расталған және қолданыстағы кредиттік желі есебінен объектілердегі тұрғын үйді сатып алатын жеке тұлғаларға ипотекалық кредит беру үшін Сатып алушылар пұлын міндетті түрде қалыптастыру талабы қолданылмайды. Қор Құрылыс салушы мен Банк арасындағы банктік қарыз туралы тиісті шарт негізінде мынадай тәртіппен Банктің қор жасауын жүзеге асырады: 1) Банк ағымдағы қажеттілікті көрсете отырып, өтінімді жасайды және Қормен келіседі; 2) Банк мынадай құжаттарды қоса бере отырып, Қорға өтінім жібереді: Банктің уәкілетті органының (кредиттік комитетінің) қарыз алушыға ипотекалық кредит беру туралы шешімі; Банк пен қарыз алушылар арасында кредиттік ресурстар тікелей берілетін ипотекалық кредит беру шарттары; ипотекалық кредит беру шарттары бойынша бастапқы жарнаның енгізілуін растайтын құжаттар; 3) Қор Келісімнің 3-бөлімінің 13-тармағында көрсетілген жағдайларда Банктің өтініміне сәйкес көлемде Қор мен Банк арасында банктік салым туралы тиісті шарт негізінде ақшаны ай сайын орналастыруды қамтамасыз етеді.
4. Ипотекалық кредит беру кезінде жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру схемасы
1. Салынып жатқан Объектілерде ипотекалық кредит беру арқылы тұрғын үй сатып алуға жеке тұлғалар (сатып алушылар) тарапынан сенімді арттыру мақсатында Қор мынадай кепілдік беру тетіктерін қолдануды ұсынады: 1) Сатып алушы Құрылыс салушымен Шарт Банк пен сатып алушы арасында Ипотекалық шарт жасалған сәттен бастап күшіне енетін міндетті кейінге қалдыру талабымен Объектідегі тұрғын үйді сатып алу туралы шарт жасасады. Ипотекалық шарт Объектіні пайдалануға бергеннен кейін жасалады. Сатып алушы Объектіде тұрғын үйді сатып алу үшін ипотекалық кредиттер арқылы Банкке бастапқы жарнаны енгізуі ішінара және/немесе толық алу мүмкіндігі болмайтындай етіп жұмыстарды жүргізу кестесіне сәйкес Объектінің құрылысы мерзімінен кем емес мерзімде оны депозиттік шотқа орналастыру (салым орналастыру) жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте есептелінген сыйақы бастапқы жарнаның (салымның) негізгі сомасына капиталданады және Объектінің құрылыс мерзімінің соңына дейін төленбейді. Егер: құрылыс кезеңінде сатып алушы тұрғын үйді сатып алудан бас тартса - бастапқы жарна (салым) салымшыға бастапқы жарна (салым) сомасының 5 %-ынан (бес пайызынан) аспайтын мөлшерде Банктің тарапынан айыппұл санкцияларын ұстай отырып, есептелінген сыйақы төлемінсіз қайтарылады; құрылыс мерзімі біткен соң Объекті пайдалануға берілмейтін болса, Банк ағымдағы күнге есептелген сыйақыны төлей отырып, бастапқы жарнаны (салымның барлық сомасын) қайтаруды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты ипотекалық шарт, сондай-ақ Тұрғын үйді сатып алу туралы шарт өз күшін жояды. Объектіні пайдалануға бергеннен кейін Банк депозит бойынша есептелген сыйақыны шегере отырып, сатып алушыға ипотекалық қарызды ресімдейді және Құрылыс салушыға бастапқы жарна қаражатынан және ипотекалық кредит сомасынан сатып алатын тұрғын үй үшін төлемақы жүргізеді; 2) Сатып алушы Құрылыс салушы объектісінің құрылысына Үлестік қатысу туралы шарт жасасады және оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енетін ипотекалық қарызды ресімдеу үшін Банкке бастапқы жарнаны енгізеді. Объектіні пайдалануға бергенге дейін сатып алушы салымның барлық сомасына ай сайынғы сыйақыны есептей отырып, депозитке бастапқы жарнаны және алынған кредиттік қаражатты уақытша орналастырады. Егер Объекті пайдалануға берілмеген жағдайда, Банк қарыз бойынша несие берешегінің және салым бойынша есептелген сыйақының айырмасын шегере отырып, сатып алушыға бастапқы жарнаны қайтаруды қамтамасыз етеді. Объектіні пайдалануға бергеннен кейін Банкте сатып алушының депозиттік шотында жатқан ақшаны сатып алатын тұрғын үй үшін құрылыс салушыға аударылады.
5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Осы Келісімнің мәнін іске асыру мақсатында Қор мыналарға міндеттенеді: 1) осы Келісім шеңберінде бірлескен іс-қимылдарды іске асырудың қажетті жағдайларын жасауды қамтамасыз етуге; 2) осы Келісімде көзделген жағдайларда Тараптардың өзара іс-қимыл бағыттарын іске асыруға арналған қаражатты орналастыруға; 3) Банктің шоттарынан қате есептелініп шығарылған сомаларды акцептісіз тәртіппен қайтаруды қамтамасыз етуге. 1) Банктен Қор мен Банк арасында белгіленген шарттардың нысандарына сәйкес осы Келісімнің 2-бөлімінде көзделген Тараптардың өзара іс-қимыл бағыттарын іске асыру барысы туралы ай сайынғы есепті сұрауға және алуға; 2) Банк осы Келісімде және Қор мен Банк арасындағы шарттарда белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды өндіріп алуға; 3) мына жағдайларда Банк пен Қор арасындағы шарттарға сәйкес Қордың ақшаны төлеу туралы жазбаша талабы қабылданған күннен бастап қатарынан 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде (Банк негізсіз қанағаттандырмаған жағдайда) Банктің шотынан сомаларды кедергісіз есептеп шығару: Банкке Мерзімді банктік салым туралы шарт бойынша берілген қаражатты мақсатқа сай емес пайдалану; мынадай рейтингтік агенттіктердің бірінің: Standard&Poor`s Fіtсh Rаіtngs, Moody`s Іnvеstоrs Sеrvісе кредиттік рейтингін 2 (екі) және одан артық тармаққа төмендету (Қазақстан Республикасының егеменді рейтингінің төмендеуі салдарынан рейтингті автоматты төмендету жағдайларын қоспағанда); меншік құқығын біржолғы сату немесе басқа біржолғы ауыстыру және/немесе Банктің акцияларын 10 %-дан (он пайыздан) астамын иелену және пайдалану құқықтарына ауыстыру кезінде; осы Келісімде және/немесе Алдын ала мерзімді банктік салым туралы шартта, Нысаналы мерзімді банктік салым туралы шартта көзделген есептілікті Банктің қатарынан 2 (екі) айдан артық уақыт аралығында ұсынбауы; қатарынан 2 (екі) тоқсаннан артық уақыт ішінде Банктің теріс қаржылық нәтижесі; Алдын ала мерзімді банктік салым туралы шарт және/немесе Нысаналы мерзімді банктік салым туралы шарт, Қор және/немесе оның еншілес ұйымдары Банкпен жасасқан және жасасатын өзге де шарттар бойынша өз міндеттемелерін Банк тарапынан бұзған өзге жағдайларда, егер осындай бұзушылық Банкпен 5 (бес) жұмыс күні ішінде жойылмаған болса; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру құқықтарына ие. 1) Қор беретін қаражатты Банктің мақсатты пайдалануын қамтамасыз етуге; 2) ай сайын Қорға Тараптармен келісілген нысандар бойынша бөлінген сомаларды Банктің мақсатты пайдалануы туралы ақпаратты ұсынуға; 3) Қарыз алушымен жасалатын Банктік қарыз туралы шарттарда/Кредиттік желі ашу туралы келісімде Банк пен Қордың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың нысаналы, заңды және тиімді пайдаланылуына мониторинг және бақылау мақсатында құрылған жұмыс тобына (органына) және оның құрамына кіретін мемлекеттік органдарға қарыздар (қарыз) бойынша, оның ішінде банктік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты беруге Қарыз алушының келісімін көздеуге; 4) Қорға Банктің шоттарынан сомаларды кедергісіз есептеп шығару құқығын мына жағдайларда қамтамасыз етуге: Банкке мерзімді банктік салым туралы шарт бойынша берілген қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау; мынадай рейтингтік агенттіктердің бірінің: Standard&Poor`s Fіtсh Rаtnigs, Moody`s Іnvеstоrs Sеrvісе рейтингін 2 (екі) және одан артық тармаққа төмендету (Қазақстан Республикасының елдік рейтингінің төмендеуі салдарынан рейтингті автоматты төмендету жағдайларын қоспағанда);
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |