Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 143 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 223 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 143 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы |
Советский Вячеслав Крестьянович | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жауапты Хатшысы |
Әбди Нұрлан Әбіқанұлы | - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы (келісім бойынша) |
Бірәлиев Әлжан Хамидоллаұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Вощенкова Тамара Анатольевна | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі |
Федоров Олег Анатольевич | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Байсынов Мұрат Байсынұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрайымының орынбасары (келісім бойынша) |
Жарқынбаев Жасер Әзімханұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |
Көмекбаев Әли Амантайұлы | - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Айсағалиева София Серікбайқызы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
Дәукенов Болат Асылұлы | - Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Смаилов Жанболат Амангелдіұлы | - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Әділбеков Дәурен Зекенұлы | - Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
Қожаметов Сәбит Нұрмаханұлы | - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары |
Нұрқатова Сәру Қайыржанқызы | - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары |
Скляр Роман Васильевич | - Павлодар облысы әкімінің орынбасары |
көрсетілген құрамнан Сұлтанғазин Әнуарбек Жәлелұлы, Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы, Нүсіпова Әсем Бекқызы, Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы, Бочин Виктор Захарович, Ыдырысов Құттықожа, Нұрақаев Ерік Есімұлы, Наймушина Ольга Владимировна, Оралмағамбетов Жеткерген Тілеулесұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |