|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде: 14-тармақта: мынадай мазмұндағы тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, бір жүзінші, бір жүз бірінші, бір жүз екінші, бір жүз үшінші абзацтармен толықтырылсын: «арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту; халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру; жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;»; 1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |