|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 924 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 37, 442-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламасында: «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімнің «Бағдарламаны қаржыландыру көздері» деген кіші бөлімінде «ішкі қарыздар мен» деген сөздер алынып тасталсын; «Қажетті ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімнің бірінші абзацында «сыртқы қарыздар мен» деген сөздер алынып тасталсын; «Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламасының іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде: «Су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру және ауыл шаруашылығында өнім өлшеміне үлестік су жұмсауды төмендету» деген 2-кіші бөлімде: реттік нөмірі 2.1-жолда: 5-бағандағы «2008» деген сандар «2010» деген сандармен ауыстырылсын; 6-бағандағы «120,000» деген сандар алынып тасталсын; 8-баған «120,000» деген сандармен толықтырылсын; «Барлығы» деген жолда: 6-бағандағы «372,700» деген сандар «252,700» деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы «181,128» деген сандар «301,128» деген сандармен ауыстырылсын. «Су пайдаланудың осы заманғы тәсілдері мен әдістерін игеру, су шаруашылығы жүйелерін су өлшеу, суды есепке алу және су реттеу құралдарымен жарақтандыру» деген 3-кіші бөлімде: реттік нөмірі 3.1-жолда: 5-бағандағы «2008» деген сандар «2010» деген сандармен ауыстырылсын; 6-бағандағы «38,000» деген сандар алынып тасталсын; 8-баған «38,000» деген сандармен толықтырылсын; «Барлығы» деген жолда: 6-бағандағы «347,300» деген сандар «309,300» деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы «348,232» деген сандар «386,232» деген сандармен ауыстырылсын; «Су ресурстары бойынша жиыны» деген жолда: 6-бағандағы «2296,300» деген сандар «2138,300» деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы «2771,169» деген сандар «2929,169» деген сандармен ауыстырылсын; «гранттар» деген жолда: 6-бағандағы «158,000» деген сандар алынып тасталсын; 8-баған «158,000» деген сандармен толықтырылсын; «Балық шаруашылығының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру» деген 4-кіші бөлімде: реттік нөмірі 4.1-жолда: 3-бағандағы «АШМ бұйрығы» деген сөздер «Үкіметке ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-баған «, 2009 жылдың 1-тоқсаны» деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірі 4.2-жолда: 3-бағандағы «АШМ бұйрығы» деген сөздер «Үкіметке ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-баған «, 2009 жылдың 1-тоқсаны» деген сөздермен толықтырылсын; «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру» деген 10-кіші бөлімде: «Бағдарлама бойынша барлығы» деген жолда: 6-бағандағы «3801,887» деген сандар «3643,887» деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы «4344,086» деген сандар «4502,086» деген сандармен ауыстырылсын; «Байланыссыз гранттар» деген жолда: 6-бағандағы «158,000» деген сандар алынып тасталсын; 8-баған «158,000» деген сандармен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |