Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 325 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Кепіл туралы мәліметтер үзінді берілген күннің алдындағы жұмыс күнінің аяғында берілгеніне сілтемені қамтуға және тіркеуші органның лауазымды тұлғасының қолы қойылып, тіркеуші органның мөрімен куәландырылуға тиіс міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді түрінде ақпарат беру. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы алудың мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусым № 888 қаулысының, «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті Жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындары және оның филиалдары (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік орталығы ) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімімен үзінді алу болып табылады 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 1) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпараттық қызмет құжат қабылданған күнді есептемей, жазбаша өтініш келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінің ішінде ұсынылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|