|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1421 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 27, 320-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарында: 1-тармақтың 4) және 5) тармақшалары және 2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында: 1-тармақтың 3) тармақшасындағы «және осы мамандық бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің» деген сөздер алынып тасталсын; 2-тармақтың 2) тармақшасындағы «және осы мамандық бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің» деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |