|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында: мәтіндегі «Қазына» ОДҚ» АҚ» деген сөздер «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын; «Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде: «Шағын және орта бизнестің жобаларына одан әрі тұрақты кредит беруді қамтамасыз ету» деген 2-кіші бөлімде: он төртінші абзацтағы «аспауы тиіс» деген сөздерден кейін «, ал тиімді ставка жылдық 14 пайыздан аспауы тиіс» деген сөздермен толықтырылсын; он бесінші абзацтағы «6» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын; он алтыншы абзацта: «30» деген сандар «70» деген сандармен ауыстырылсын; «аспауы тиіс» деген сөздерден кейін «, ал банктер 2009 жылғы 1 тоқсанның соңына дейін игеретін қаражат бойынша қайта қаржыландыру жөніндегі шектеу толық алып тасталады»; он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «шағын және орта бизнестің өндірістік жобалары бойынша бір қарыз алушыға қаржыландыру лимиті 589160 АЕК-ге дейін.»; мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ берген қаражат бөлігінде жергілікті атқарушы органдар әкімдіктерінің жанындағы комиссиялардың өкілеттіктері қолданылмайды.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: мәтіндегі «Қазына» ОДҚ» АҚ», «Қазына» ОДҚ» АҚ» (келісім бойынша)» деген сөздер тиісінше «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ», «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ» (келісім бойынша)» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 6-7-жолдың 2-бағанында: «12,5 %-дан» деген сөздерден кейін «, ал тиімді ставка жылдық 14 %-дан» деген сөздермен толықтырылсын; «300000 АЕК» деген сөздер «шағын және орта бизнестің өндірістік жобалары бойынша 589160 АЕК» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 6-8-жолдың 2-бағанында: «Шағын» деген сөз «Өңірлердің шағын» деген сөздермен ауыстырылсын; «өңірлік басымдықтарға сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын; «түпкілікті» деген сөз «тиімді» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |