|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат): 1) бүкіл мәтін бойынша: «мемлекеттік қажеттер», «мемлекеттік қажеттіліктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылсын; «бөлек (жеке-дара)», «бөлек (жеке)», «өзіндік (дара)», «бөлек», «бөлек (өзіндік)» деген сөздер «дара (бөлек)» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әскери қызметшілер - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары; 2) дара (бөлек) меншік - тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрамындағы үй-жайға азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің меншігі; 3) жазбаша сауалнама - кондоминиум объектісін басқаруға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты шешімдер қабылдау үшін қайтадан жиналыс өткізілгенге дейін жазбаша нысанда жүзеге асырылатын кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің үштен екісінен астамының пікірін анықтау; 4) жалдауға беруші (жалға беруші) - тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайдың меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап; 5) жалға берілетін үй - жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі, жалдауға беруге арналған тұрғын үй (тұрғын ғимарат), тұрғын үй-жайлар (пәтерлер); 6) жалдаушы (жалға алушы) - тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алушы тарап; 7) жатақхана - еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимарат; 8) жеке тұрғын үй қоры - жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және олардың бірлестіктеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғын жай; 9) жер учаскесі - тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер аумағы; 10) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер; 11) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны; 12) кондоминиум объектісі - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен; 13) кондоминиум объектісі қатысушыларының жиналысы - үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылау және қабылдау үшін алдын ала белгіленген жерде және белгілі бір уақытта бірлесіп қатысуы; 14) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін күтіп-ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 15) кондоминиум объектісін тиісті дәрежеде күтіп-ұстау - тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) тіреуіш конструкцияларының мерзімінен бұрын тозуының алдын алу мақсатында жүргізілетін, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлкіне қызмет көрсету және оны жөндеу үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын адамдар іске асыратын ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардың жиынтығы; 16) көп балалы отбасы - бірге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендерді қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы; 17) қайта жабдықтау - үй-жайдың (үй-жайлардың) тіршілікті қамтамасыз ету және пайдалану үшін қажетті өзінің функционалдық мақсатының өзгеруіне, технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты өзгертілуі; 18) қайта жоспарлау - белгілі бір үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекараларын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарлануын өзгерту; 19) қосымша жалдаушы - тұрғын жайды қосымша жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін жалдаушыдан (жалға алушыдан) тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алатын тарап; 20) қызметтік тұрғын жай - азаматтардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде оларды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын жай; 21) қызметтік тұрғын үйлерге теңестірілген тұрғын жай - мемлекеттік тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға берілетін тұрғын жай; 22) мемлекеттік тұрғын үй қоры - мемлекетке меншік құқығымен тиесілі және жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын жай; 23) оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар; 24) ортақ мүлік - дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (абаттандыру элементтерін және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта жәшіктері, жер учаскесі); 25) табысы аз адамдар - мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай берілуіне өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы Қазақстан Республикасының заңнамасында осы мақсаттар үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдар; 26) толық емес отбасы - балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ана тәрбиелейтін отбасы; 27) тұрғын емес үй-жай - тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлік болып табылатын бөліктерін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар); 28) тұрғын жай - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме); 29) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) - жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру; 30) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) шарты - оған сәйкес жалдауға беруші (жалға беруші) жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін шарт; 31) тұрғын жайды жекешелендіру - азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі өздері тұратын үй-жайларды меншігіне сатып алуы, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады; 32) тұрғын жайды қосымша жалдау шарты - тараптардың шарты, оған сәйкес жалдаушы қосымша жалдаушыға тұрғын жайды не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын береді; 33) тұрғын жайдың жалпы алаңы - тұрғын жайдың пайдалы алаңының және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес төмендететін коэффициенттер қолданылып есептелетін балкондар (лоджиялар, дәліздер, террассалар) алаңдарының жиынтығы; 34) тұрғын жайдың құны - тұрғын жайдың мәміле жасалған күні айқындалатын нарықтық құны; 35) тұрғын жайдың пайдалы алаңы - тұрғын жайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы; 36) тұрғын жайдың тұрғын алаңы - тұрғын жайдағы (пәтердегі) тұрғын бөлмелердің (жатын бөлменің, мейманжайдың, балалар бөлмесінің, үйдегі кабинеттің және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы; 37) тұрғын жайдың тұрғын емес алаңы - тұрғын жайдағы (пәтердегі) ішкі қосалқы бөлмелердің (ас үйдің, ванна бөлмесінің, дәретхананың, кіреберістің, дәліздің, пәтер қоймасының және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы; 38) тұрғын жайды реквизициялау - төтенше оқиғалар жағдайында мемлекеттік органдардың шешімі бойынша алып қойған тұрғын жайдың құнын не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін өзге де өтем түрлерін төлей отырып, меншік иесінен тұрғын жайды заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп алып қою; 39) тұрғын үй (тұрғын ғимарат) - негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс; 40) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар; 41) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы - бүкіл тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңы мен бүкіл тұрғын емес үй-жайлар алаңының, сондай-ақ тұрғын үйдің ортақ мүлік болып табылатын бөліктері алаңының жиынтығы; 42) тұрғын үй-жай (пәтер) - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын жайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай; 43) тұрғын үй кооперативі (тұрғын үй-құрылыс кооперативі) - азаматтардың тұрғын үйді сатып алу (салу) және пайдалану мақсатындағы коммерциялық емес бірлестігі, онда тұрғын үйге меншік құқығы кооперативке тиесілі болады, ал кооперативке мүше азаматтар өздеріне бекітіліп берілген үй-жайларды иелену және пайдалану құқығына, жекелеген жағдайларда - белгіленген тәртіппен билік ету құқығына ие болады және тұрғын үйді күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысады; 44) тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысанындағы тұрғын жайлар; 45) уақытша тұрғындар - жалдаушы (тұрғын жайдың меншік иесі, тұрғын үй кооперативінің мүшесі) олардан тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы алмай, тұрғын жайда уақытша тұру құқығын берген азаматтар; 46) уәкілетті орган - тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 47) үй-жай - тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады; 48) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі - бір (бірнеше) кондоминиум (кондоминиумдар) қатысушыларының ортақ үлестік меншікті бірлесіп басқаруы үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері құратын коммерциялық емес ұйым; 49) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері кооперативінің мүшесі - үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері кооперативінің құрылтайшысы болып табылатын немесе берген өтінішінің негізінде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің мүшелігіне қабылданған кондоминиум объектісіндегі үй-жайдың (пәтердің) меншік иесі; 50) шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлік - ортақ мүліктің жекелеген жеке меншік иесінің (меншік иелерінің) пайдалануына белгіленген тәртіппен берілетін жекелеген бөліктері.»; 3) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттік тұрғын үй қорларын қамтиды.»; 4) 4-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Үй-жайларды (пәтерлерді) өзгерткен (қайта жабдықтаған, қайта жоспарлаған) кезде тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі, мынадай: өзгерістер тіреуіш конструкцияларды қозғаған; өзгерістер ортақ мүлікті қозғаған жағдайларда, талап етіледі. Жоғарыда аталған өзгерістер өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас басқа да үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің ғана мүдделерін қозғаған жағдайда, тек аталған адамдардың ғана жазбаша келісімін алу талап етіледі.»; 5) 6-баптың тақырыбы мен мәтіні «қорын» деген сөзден кейін «және кондоминиум объектісін» деген сөздермен толықтырылсын; 6) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын: «1-1-тарау. Тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік реттеу 10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады; 2) тұрғын үй қорын күтіп-ұстаудың ережелерін бекітеді; 3) тұрғын үй көмегін көрсетудің ережелерін бекітеді; 4) тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді жеткізуші нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын бекітеді; 5) жекелеген коммуналдық қызмет түрлерін көрсету ережелерін бекітеді; 6) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындайды. 10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады; 2) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін, тұрғын үй көмегін беру ережелерін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қызметтер көрсетуші нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді; 3) тұрғын үй қатынастары саласында бағдарламаларды және мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді, сондай-ақ іске асырады; 4) өз құзыреті шегінде тұрғын үй қатынастары саласында нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлейді және бекітеді; 5) тұрғын үй қатынастары саласында басқа да мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды; 6) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді; 7) тұрғын үй қорының жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады; 8) тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 9) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстары хаттамасының және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс беру парағының, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің үлгі нысанын әзірлеп, бекітеді. 10-3-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті 1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламаларын бекітеді. 2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары: 1) тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламаларын әзірлейді және тиісті жергілікті өкілді органдардың бекітуіне ұсынады, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 2) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 3) өздеріне ведомстволық бағынысты аумақта кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөніндегі қызметін бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады; 4) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиумдар құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерлерді күтіп-ұстау жөнінде шаралар қабылдайды. 10-4-бап. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті 1. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың бағдарламаларын бекітеді. 2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары: 1) тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламаларын әзірлейді және тиісті жергілікті өкілді органдардың бекітуіне ұсынады, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 2) өздеріне ведомстволық бағынысты аумақта тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; 3) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 4) өздеріне ведомстволық бағынысты аумақтағы тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады; 5) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды; 6) осы Заңның 32-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау бойынша шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді.»; 7) 11-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: «Үй-жайлардың» деген сөзден кейін «(пәтерлердің)» деген сөзбен толықтырылсын; «меншіктің ерекше нысаны -» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақта: бірінші бөліктегі «Үй-жай» деген сөз «Үй-жайлар (пәтерлер)» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі. Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) жанындағы жер учаскесі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен немесе ортақ жер пайдалану құқығымен тиесілі.»; 4-тармақтағы «кондоминиум объектісіне» деген сөздер «тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа)» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақ «Үй-жай», «үй-жайдан» деген сөздерден кейін тиісінше «(пәтер)», «(пәтерден)» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашуға міндетті, оған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кондоминиумның осы объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады. Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиумның осы объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын сомаларды жинақтау үшін кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте жинақ шотын ашуға құқылы. Кондоминиум объектісінің барлық меншік иелерінің тікелей бірлесіп басқаруы екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашылмай жүзеге асырылуы мүмкін. Заңды тұлға құрмай кондоминиум объектісін басқарған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат және (немесе) өзге де құжат негізінде уәкілетті жеке тұлға банк шоттарын ашуды жүзеге асырады, оларға сәйкес осы жеке тұлға банк шоттарын ашуға және жүргізуге уәкілетті болады. Уәкілетті жеке тұлға кондоминиум объектісін басқару үшін ағымдағы және жинақ шоттарын осы тармақта белгіленген мақсаттарда ғана ашады. Кондоминиум объектісін басқару органы, уәкілетті жеке тұлға кондоминиум объектісі меншік иелерінің талап етуімен банк шоттары бойынша ақшалардың, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат ұсынады.»; 9) 32-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын: «2-2. Кондоминиумды тіркеген кезде кондоминиум объектісіне техникалық паспорт дайындау жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүргізіледі.»; тақырыптағы «Үй-жай» деген сөз «Үй-жайлар (пәтерлер)» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ «Үй-жайлардың» деген сөзден кейін «(пәтерлердің)» деген сөзбен толықтырылсын; 2-тармақта: бірінші бөлік «Үй-жай» деген сөзден кейін «(пәтер)» деген сөзбен толықтырылсын; екінші бөлік алып тасталсын; 4-тармақта: бірінші бөлікте: «Үй-жайлардың», «үй-жайлар» деген сөздерден кейін тиісінше «(пәтерлердің)», «(пәтерлер)» деген сөздермен толықтырылсын; «не кондоминиум объектісін басқару органының шешімінде» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөлік «Үй-жай» деген сөзден кейін «(пәтер)» деген сөзбен толықтырылсын; тақырып «Үй-жайлар» деген сөзден кейін «(пәтерлер)» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақ және 2-тармақ «Үй-жайлардың» деген сөзден кейін «(пәтерлердің)» деген сөзбен толықтырылсын; 3-тармақ «үй-жай» деген сөзден кейін «(пәтер)» деген сөзбен толықтырылсын; 12) 36-баптың 2-тармағы алып тасталсын; 13) 37-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Ортақ мүлікті пайдалануға қатысты мәселелер бұларға кірмейді.»; 14) 38-баптың бірінші бөлігіндегі «үй-жайдың» деген сөз «үй-жайлардың (пәтерлердің)» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 39-баптың бірінші бөлігі «үй-жайдың» деген сөзден кейін «(пәтердің)» деген сөзбен толықтырылсын; 16) 41-баптың 3-тармағындағы «немесе кондоминиум» деген сөздер «және кондоминиум» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын: «6-1-тарау. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылау 41-1-бап. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылау 1. Жергілікті атқарушы орган тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясы (бұдан әрі - тұрғын үй инспекциясы) лауазымды адамдарының кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырады. Тексеру мынадай түрлерге бөлінеді: 1) жоспарлы - жергілікті атқарушы органның тексеру жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиі емес; 2) жоспардан тыс - адам денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін авариялық жағдайларға байланысты немесе өзге де төтенше жағдайлар кезінде, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштері бойынша тағайындалады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |