|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде: 14-тармақта: жиырма бірінші абзац алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы отызыншы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына тексеру тағайындау туралы және тексеру жүргізудің нәтижелері туралы актілердің нысандарын белгілейді»; 15-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «хаттамалар жасау және туристік қызмет, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану;». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |