|
|
|
Т.А. Мұсабаевты Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы)іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 2012 жылға дейінгі кезеңге арналған Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасының ұлттық мемлекеттік тапсырыс берушілерінің ресми өкілдері жұмыс тобының отырысына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің Төрағасы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 2009 жылғы 28 - 31 шілде кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Т.А. Мұсабаевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |