|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеде: 20-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) Премьер-Министрдің Кеңсесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |