Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 20 ақпандағы № 27 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Пиразинамид
Халықаралық патенттелмеген атауы Пиразинамид
Дәрілік түрі 0,5 г таблеткалар
Құрамы Бір таблетка құрамында белсенді заты - пиразинамид 0,5, қосымша заттар : микрокристалды целлюлоза, поливинилпирролидон, картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты және кальций дигидрофосфаты.
Сипаттамасы Ақ немесе ақшыл-сары түсті, ойығы мен сайы бар жалпақцилиндрлі таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы Түберкүлезге қарсы басқадай дәрілік заттар АТЖ коды J04А К01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Пиразинамид асқазан-ішек жолдарынан тез сіңеді және организмнің бүкіл тіндері мен сұйықтығына енеді. Препараттың 10 % жуығы ақуыздарымен байланысады. Препаратты 1,5-2,5г тәуліктік дозада қабылдағаннан кейін оның қан сарысуындағы қанығу мөлшеріне 1-2 сағатта жетеді және (20-25 мг/кг дене салмағына) 28-50 мкг/мл-ді құрайды. Пиразинамидтің жартылай ыдырау кезеңі 10 сағаттай болады. Бауыр және бүйрек қызметі бұзылғанда жартылай шығару кезеңі ұзарады. Пиразинамидтің басты метаболиті-пиразин қышқылына дейін гидролизденуі, көбінесе, бауырда өтеді. Қабылданған пиразинамидтің 3-4% несеппен өзгеріссіз, ал 30-40%-ті оның метоболиті пиразин қышқылы түрінде бөлінеді. Метаболизм өнімінің 70 %-ті организмнен 24 сағаттың ішінде несеппен, көбінесе, шумақтық сүзілу арқылы бөлінеді. Пиразинамидтің бір реттік мөлшерін қабылдағаннан кейін де, оның қан сарысуы мен несептегі қанығу мөлшері қатынасы тұрақты болып қалады. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|