Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармации комитеті Төрағасының 2007 жылғы 4 шілдедегі № 118 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттарды қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Фенилэфринді полидекс
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Мұрын спрейі
Құрамы 100 мл спрейдің құрамында белсенді заттар: неомицин сульфаты 1 г, бұл 650 000 ХБ-ке сәйкес келеді полимиксин В сульфаты 1 000 000 ХБ дексаметазон натрий метасульфобензоаты 0,025 г фенилэфрин гидрохлориді 0,250 г, қосымша заттар: метилпарабен, литий хлориді, лимон қышқылы, литий гидрототығы, макроголь 400, полисорбат 80, 100 мл-ге дейінгі тазартылған су.
Сипаттамасы Мөлдір түссіз сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы Микробтарға қарсы препараттармен біріктірілген дексаметазон АТЖ коды S02CA06
Фармакологиялық қасиеттері Отоларингологияда жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы біріктірілген препарат. Дексаметазон мұрынның шырышты қабығына қабынуға қарсы әсерге, неомицин және полимиксин В антибиотиктеріне бактерияға қарсы әсерге ие. Көрсетілген антибиотиктермен біріктірген кезде мұрын қуысы мен қосалқы қойнауларының жұқпалы-қабынбалы ауруларын туындататын көптеген грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің бактерияға қарсы әсер көрінісін кеңейтеді.
Қолданылуы Мұрынжұтқыншақ, мұрынның қосалқы қойнауларының қабынбалы және жұқпалы ауруларында: - жедел және созылмалы ринит - жедел және созылмалы ринофарингит - синуситтер.
Қолдану тәсілі және дозалары Ересектерге: әр мұрын тесігіне тәулігіне бір дозадан 3-5 рет. 2,5-тен 15 жасқа дейінгі балаларға: әр мұрын тесігіне тәулігіне бір дозадан 3 рет. Емдеу ұзақтығы 5 күн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|