|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар): 1) 177-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы в) тармағындағы «адам жасаған алаяқтық, -» деген сөздер «адам;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын: «г) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам жасаған алаяқтық, егер ол өз қызмет бабын пайдаланумен ұштасса, -»; 2) 190-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «сақтаумен» деген сөзден кейін «, тасымалдаумен» деген сөзбен толықтырылсын; 3) 193-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөлігінің бірінші абзацының в) тармағындағы «отырып жасалса» деген сөздер «отырып;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын: «г) аса ірі мөлшерде жасалса, - »; ескерту мынадай редакцияда жазылсын: «Ескерту. Осы бапта көзделген әрекеттер, егер өткізілген тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде және егер өткізілген тауарлардың құны бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер деп танылады.»; тақырыбы «салық» деген сөзден кейін «және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші бөліктің бірінші абзацында: «немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді» деген сөздер «және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді» деген сөздермен ауыстырылсын; «салық немесе міндетті төлемдер төлемеуге» деген сөздер «салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 222-бап мынадай редакцияда жазылсын: «222-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару 1. Декларация табыс ету міндетті болып табылса да, декларацияны табыс етпеу не декларацияға кірістер және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу жолымен, салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет, - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, бір мыңнан екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші және (немесе) екінші бөліктерінде көзделген алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Ұйымның салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуі, егер төленбеген салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдер сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде жасалған деп және егер төленбеген салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдер сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде жасалған деп танылады.»; 7) 228-баптың екінші абзацында: «екі жүзден бес жүз» деген сөздер «бес жүзден сегіз жүз» деген сөздермен ауыстырылсын; «екі айдан бес айға» деген сөздер «алты айға» деген сөздермен ауыстырылсын; «екі жылға» деген сөздер «төрт жылға» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктің екінші абзацында: «екі жүзден бес жүз» деген сөздер «бес жүзден сегіз жүз» деген сөздермен ауыстырылсын; «екі айдан бес айға» деген сөздер «бес айдан бір жылға» деген сөздермен ауыстырылсын; «дәл сол мерзімге» деген сөздер «үш жылға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «бес жүзден сегіз жүз» деген сөздер «сегіз жүзден бір мың» деген сөздермен ауыстырылсын; «бес айдан сегіз айға дейінгі» деген сөздер «сегіз айдан бір жылға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; «төрт» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацында: «бес жүзден сегіз жүз» деген сөздер «бір мыңнан екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын; «үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға» деген сөздер «бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктің екінші абзацында: «жеті жүзден бір мың айлық» деген сөздер «екі мыңнан үш мың айлық» деген сөздермен ауыстырылсын; «жеті айдан бір жылға дейінгі» деген сөздер «бір жылға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; «бес жылға дейінгі мерзімге» деген сөздер «алты жылға дейінгі мерзімге» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктің екінші абзацында: «жүзден екі жүз» деген сөздер «бес жүзден бір мың» деген сөздермен ауыстырылсын; «бір айдан екі» деген сөздер «екі айдан төрт» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «үш жүзден бес жүз» деген сөздер «бір мыңнан екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын; «үш айдан бес» деген сөздер «төрт айдан алты» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацында: «бес жүзден сегіз жүз» деген сөздер «екі мыңнан төрт мың» деген сөздермен ауыстырылсын; «бес айдан сегіз» деген сөздер «алты айдан сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) мүддесінде жасалған әрекеттер, - мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; ескертулерде: 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі кемінде отыз бec процент болатын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес процент) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берілген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі.»; 5-тармақ «176-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында,» деген сөздерден кейін «177-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында,» деген сөздермен толықтырылсын; 10) 308-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы «жеті жылға» деген сөздердің алдынан «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздермен толықтырылсын; 11) 310-бап мынадай редакцияда жазылсын: «310-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу 1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзінің немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер және артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса, - екі жүзден төрт жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сотталған адамның екі айдан төрт айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, лауазымды адам жасаған әрекеттер, - екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сотталған адамның төрт айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымдағы адам жасаған әрекеттер, - төрт мыңнан алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Лауазымды адамның мемлекеттік емес ұйымдарға, оның ішінде қоғамдық бірлестіктерге лицензиялау жөніндегі өкілеттіктерді беруге әкеп соққан іс-әрекеттер жасауы, - екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға жазаланады.»; бірінші бөліктің бірінші абзацы «сипатындағы» деген сөзден кейін «өзі немесе басқа адамдар үшін» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын; үшінші бөліктің екінші абзацындағы «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын; үшінші бөліктің екінші абзацындағы «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын; төртінші бөліктің екінші абзацындағы «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын; бірінші бөліктің екінші абзацындағы «бес жүзден бір мың» деген сөздер «жеті жүзден екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «жеті жүзден екі мың» деген сөздер «бір мыңнан үш мың» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктің екінші абзацында: «жүзден екі жүз» деген сөздер «жеті жүзден екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын; «бір айдан екі» деген сөздер «төрт айдан алты» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «үш жүзден бес жүз» деген сөздер «екі мыңнан төрт мың» деген сөздермен ауыстырылсын; «үш айдан бес» деген сөздер «алты айдан сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацында: «бес жүзден бір мың» деген сөздер «төрт мыңнан алты мың» деген сөздермен ауыстырылсын; «үш айдан жеті айға» деген сөздер «сегіз айдан бір жылға» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктің екінші абзацында: «жүзден екі жүз» деген сөздер «жеті жүзден екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын; «бір айдан екі» деген сөздер «төрт айдан алты» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «үш жүзден бес жүз» деген сөздер «екі мыңнан төрт мың» деген сөздермен ауыстырылсын; «үш айдан бес» деген сөздер «алты айдан сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацында: «бес жүзден сегіз жүз» деген сөздер «төрт мыңнан алты мың» деген сөздермен ауыстырылсын; «бес айдан сегіз айға» деген сөздер «сегіз айдан бір жылға» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктің екінші абзацы «жеті жылға» деген сөздердің алдынан «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктің екінші абзацы «үш жылдан» деген сөздердің алдынан «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацы «бес жылдан» деген сөздердің алдынан «мүлкі тәркіленіп,» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар): 1) 64-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тергеуші істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін, оған қатысты жеткілікті дәлелдер жиналған адамды айыпталушы ретінде тарту, айып тағу, осы Кодекске сәйкес оған жолын кесу шараларын таңдау, айыптау қорытындысын жасау жолымен оны қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті. Үкімді азаматтық талап қою, басқа да мүліктік жазалар немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтауға шара қолдануға міндетті. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу кезінде тергеуші қылмыстық жолмен алынған не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, басқа адамдардың меншігіне берілген мүлікті анықтауға да шара қолдануға міндетті.»; 2) 67-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті. Үкімді азаматтық талап қою, басқа да мүліктік жазалар немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында анықтаушы сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтауға шара қолдануға міндетті.»; үшінші бөлігінде: «176-бабында (үшінші бөліктің г) тармағында),» деген сөздерден кейін «177-бабында (үшінші бөліктің г) тармағында),» деген сөздермен толықтырылсын; «222-бабында (екінші бөлігінде)» деген сөздер «222-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; «307-бабында (бірінші бөлігінде), 308-бабында (бірінші бөлігінде),» деген сөздер «307-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 308-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-2-бөлігінде «307-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 308-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 311-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздер «307-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 308-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 311-бабында (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; 2009 жылғы 8 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 34-баптың ескертуіндегі «(яғни оларға қызмет жағынан тәуелді емес адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген)» деген сөздер алып тасталсын; 2) мынадай мазмұндағы 206-2-баппен толықтырылсын: «206-2-бап. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) қаржылық бақылау шараларын бұзуы 1. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін үш жыл бойы жыл сайын, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кірістер, мүлік туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген басқа да мәліметтерді бермеуі, дер кезінде бермеуі немесе толық емес, дәйексіз мәліметтер беруі, - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; бірінші бөлігіндегі: «бермеуі» деген сөз «қасақана бермеуі» деген сөздермен ауыстырылсын; «елуден жүзге дейінгі» деген сөздер «жүзден жүз елуге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлігіндегі: «бермеуі» деген сөз «қасақана бермеуі» деген сөздермен ауыстырылсын; «, сондай-ақ келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған», «мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін үш жыл бойы жыл сайын беріп тұрмауы» деген сөздер алып тасталсын; «елуден жүзге дейінгі» деген сөздер «жүзден жүз елуге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлігіндегі «жүзден» деген сөз «жүз елуден» деген сөздермен ауыстырылсын; тақырыбындағы «Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті жеке тұлғаларға немесе оларға теңестірілген адамдарға» деген сөздер - «Жеке тұлғалардың» деген сөздермен, «беру» деген сөз «беруі» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші абзацындағы «жиырма бестен елуге дейінгі» деген сөздер «елуден жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 533-1-баптың екінші бөлігі алып тасталсын; 6) 535-баптың екінші абзацындағы «елуден жүзге дейінгі» деген сөздер «жүзден үш жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 537-баптың екінші абзацындағы «отыздан елуге дейінгі» деген сөздер «елуден жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) мынадай мазмұндағы 537-1-баппен толықтырылсын: «537-1-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау Мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы, - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 9) 541-баптың бірінші бөлігінде «520-537» деген цифрлар «520-537-1» деген цифрлармен ауыстырылсын; 10) 570-1-баптың бірінші бөлігі «205 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «206-2,» деген цифрлармен толықтырылсын; 11) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отызыншы абзацындағы «532-535» деген цифрлардан кейін «, 537-1» деген цифрлармен толықтырылсын. 4. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 144-құжат; № 23, 173-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; 2009 ж., № 17, 80, 81-құжаттар; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 8 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы): 434-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Адамдарды кедендік бақылау аймағына жіберу - тек кеден органының рұқсатымен, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшін осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша жүзеге асырылады.». 5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы екі жүз жетпіс бірінші және екі жүз жетпіс екінші абзацтармен толықтырылсын: «25-1-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері 240-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық даму институттарында, ұлттық холдингтерде және ұлттық компанияларда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында жұмыста болумен байланысты шектеу»; бірінші абзацындағы «Азаматтық» деген сөз «1. Азаматтық» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын: «2. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымға азаматтық қызметке қабылдана алмайды.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |