Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 10 қазандағы № 170 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауыАндипал
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрінің түрі Таблеткалар
Құрамы1 таблетканың құрамында: белсенді заттар: натрий метамизолы - 250,0мг дибазол - 20,0 мг папаверин гидрохлориді - 20,0 мг фенобарбитал 20,0 мг-ден, қосымша заттар: крахмал 45,2 мг, тальк 11,1 мг, кальций стеараты 3,7 мг.
Сипаттамасы Ақ түсті немесе ақ әлсіз сары реңді, беті жайпақ таблеткалар. Таблетканың бір жағында сызығы мен ойығы, екінші жағында - сызығы мен крест тәрізді фирмалық логотипі бар.
Фармакотерапевтикалық тобы Анальгетиктер және антипиретиктер. Пиразолондар АТЖ коды N02BB72
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішкеннен кейін натрий метамизолы 4-метил-амино-антипирин белсенді метаболитін түзе отырып асқазан сөлінде тез гидролизденеді, ол сіңгеннен кейін 4-формил-амино-антипирин және де басқа метаболиттер түрінде метаболизденеді. Метаболиттер плазма ақуыздарымен байланыспайды. Препараттың үлкен бөлігі метаболит түрінде несеппен шығарылады. Метоболиттер ана сүтімен шығарылады. Фармакодинамикасы Анальгин ауыруды басатын және ыстықты түсіруші әсер көрсетеді. Дибазол мен папаверин гидрохлориді асқазан-ішек жолдарының ағзалары тегіс бұлшықеттерінің тонусын төмендетеді, шеткергі тамырлардың кеңеюін туындатады. Фенобарбитал тыныштандырғыш әсер етеді. Андипал - біріктірілген препарат, қантамырларын кеңейткіш, ауыруды басатын, спазмолитикалық және тыныштандырғыш әсер етеді.
Қолданылуы - шеткергі артериялардың түйілуіне байланысты ауыру синдромында - ми тамырларының түйілуінде - артериялық гипертензияда. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|