|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 және 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулыларына (2010.20.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат): мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. Мемлекеттік органдар «жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері тізбесінің 2-тармағын ескере отырып, өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеуді және Үкіметке бекітуге енгізуді қамтамасыз етсін.»; «2-2. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.»; көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: 2-тармақта: «жергілікті атқарушы органдар» кіші бөлімінде: 1), 2), 3), 4) тармақшаларда «ресімдеу» деген сөз «беру» деген сөзбен ауыстырылсын; 13) тармақшада «қосалқы» деген сөздің алдынан «жеке» деген сөзбен толықтырылсын; 14) және 21) тармақшалар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 23), 24), 25), 26), 27), 28) тармақшалармен толықтырылсын: «23) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу; 24) балаларды патронаттық тәрбиелеуге алуға тілек білдірген отбасыдан өтінім қабылдау; 25) миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою; 26) әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру; 27) мемлекеттік және мемлекеттік емес дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу; 28) жалғызілікті, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және мүгедектерге оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу.»; «Көлік және коммуникациялар министрлігінің органдары:» кіші бөлімі мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беру.»; мынадай мазмұндағы кіші бөлімдермен толықтырылсын: «Ауыл шаруашылығы министрлігінің органдары: 1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу; 2) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктер кепілін тіркеу; 3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ тіркеу нөмірлік белгілерін бере отырып, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу, қайта тіркеу; 4) машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру; Білім және ғылым министрлігінің органдары: 1) республиканың білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.»; 2) ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |