Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 194 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы АмоксиклавÒ 2Х
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Үлбірлі қабықпен қапталған 625 мг және 1000 мг таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: тригидрат түріндегі 500 мг немесе 875 мг амоксициллин калий тұзы түріндегі клавулон қышқылы, 125 мг қосымша заттар: коллоидты сусыз кремний, кросповидон, кроскармеллоза-натрий, магний стеараты, микрокристалдық целлюлоза, қабығының құрамы: гидроксипропилцеллюлоза, этилцеллюлоза, полисорбат 80, триэтил цитрат, титанның қос тотығы, тальк.
Сипаттамасы 625 мг таблеткалар: сопақша келген, екі беті дөңес үлбірлі қабықпен қапталған ақ немесе ақ дерлік таблеткалар. 1000 мг таблеткалар: үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында АМС және екінші жағында 875/125 деген ойылған жазуы бар, екі беті дөңес сызықшамен, ақ немесе ақ дерлік таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы Микробқа қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Бета-лактамаза тежегіштерімен біріктірілген амоксициллин. АТЖ коды J01CR02
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Амоксициллиннің және клавулон қышқылының негізгі фармакокинетикалық қасиеттері ұқсас. Амоксициллин мен клавулон қышқылының бірігуі жекелей компоненттердің фармакокинетикасын өзгертпейді. Ішке қабылдаған кезде екі компонент те жақсы сіңеді; ас препараттың сіңу дәрежесіне ықпал етпейді. Ең жоғары сарысулық қанығу деңгейіне оны қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң жетеді. Амокциллиннің шамамен 17-20%-ы және клавулон қышқылының 22-30%-ы плазма ақуыздарымен байланысады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|