Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 24 қарашадағы № 294 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Вольтарен® Ретард 75
Халықаралық патенттелмеген атауы Диклофенак
Дәрілік түрі Баяу босап шығатын қабықпен қапталған 75 мг таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат: 75 мг натрий диклофенагы қосымша заттар: кремний қостотығының аэрогелі, цетил спирті, магний стеараты, поливидон, сахароза қабықтың құрамы: кристалды сахароза, полисорбат 80, гидроксипропилметилцеллюлоза, тальк, титанның қостотығы, темірдің қызыл тотығы, макрогол 8000.
Дәрілік түрінің сипаттамасы Бозғылт-қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, үш бұрышты, екі жағы дөңес, шеті кертілген бір жағында «CG», екінші жағында «ID» деген қара сиямен жазылған жазуы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер сірке қышқылының туындылары. АТЖ коды M01A B05
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы 75 мг препаратты бір рет қабылдағаннан кейін ең жоғары плазмалық қанығу деңгейі 4 сағаттан соң байқалады және 0,5 мкг/мл (1,6 мкмоль/л) құрайды. Ас ішу препараттың сіңуіне және жүйелі биожетімділігіне әсер етпейді. Плазмалық орташа қанығу деңгейі 13 нг/мл (40 млмоль/л) препаратты қабылдағаннан кейін 16 сағат бойы сақталынады. Сіңу дәрежесі доза мөлшеріне тікелей байланысты. Жүйелі биотиімділігі ішекте-еритін қаптамасы бар таблетканы ішу арқылы қабылдағаннан кейінгі тиісті көрсеткіші 82%-ды құрайды. Препараттан белсенді заттың ұзақ босап шығуының салдарынан ең жоғары плазмалық қанығу деңгейі ішекте-еритін қаптамасы бар таблеткаларды қабылдағаннан кейінгіден төмен болады. Препаратты қайта қабылдағаннан кейін фармакокинетикалық көрсеткіштері өзгермейді. Сондықтан препаратты тәулігіне 2 рет қабылдаса, жинақталу байқалмайды. Салыстырмалы қанығу деңгейі 25 нг/мл (80 нмоль/л) құрайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|