Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 3 шілдедегі № 113 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Ауыз арқылы 1, 2, 3-түрдегі полиомиелиттік вакцина
Халықаралық патенттелмеген атауы Жок
Дәрілік түрі Ішке қабылдауға арналған сұйықтық құтыда 2,0 мл-ден (10 доза)
Құрамы Вакцинаның бір дозасының құрамында 0,2 мл немесе 4 тамшы) белсенді заттар: африкалық жасыл мартышканың бүйрек жасушаларының алғашқы культурасынан алынған 1,2,3-түрдегі полиомиелит вирусы Сэбинінің аттенуирленген штамдары, 1.000.000 жұқпалы бірліктен кем емес 1-түр (БОЕ немесе ТЦД50), 100.000 жұқпалы бірліктен кем емес 2-тур, 300.000 жұқпалы бірліктен кем емес 3-тур, қосымша заттар: магний хлоридінің тұрақтандырғышы - 0,018 г, - 30 мкг-дан аспайтын канамицин консерванты.
Сипаттамасы Қызғыш-қызғылт сары түсті, тұнбасыз және бөгде затсыз мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы Полиомиелитке қарсы вакциналар АТЖ коды J07ВҒ
Иммунобиологиялық қасиеттері Егілгендердің көпшілігінде (90-95%) вакцина 1, 2, 3-типті полиомиелит вирустарына ұзақ иммунитет жасайды.
Қолданылуы Полиомиелиттің белсенді түрде алдын алуға.
Қолдану тәсілдері және дозасы Полиомиелиттің ауыз арқылы қолданылатын вакцинасымен егуді алдын алу екпелерінің Күнтізбегінде белгіленген жаста 4 рет жүргізеді. Балаларға алдағы уақытта алдын алу екпесі жүргізілетін күнді ата-аналарға ертерек айтып қою қажет. Вакцинаны препараттың белгілі мөлшермен оралған дозасына сай 4 тамшыдан қолданады. Вакцинаның екпе дозасын құтымен қоса салынатын тамызғышпен немесе пипеткамен ауызға тамақтанудан 1 сағат бұрын тамызады. Вакцинаны сумен немесе басқа да сұйықтықтармен ішуге, сондай-ақ екпеден соң бір сағатқа дейін тамақтануға және сусын ішуге болмайды. Ашылған құтыдағы пайдаланылмаған вакцина +2оС-ден +8оС-ге дейінгі температурада, тамызғышпен немесе резеңке тығынмен жабылған құтыда 3 тәулікке дейін сақталуы мүмкін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|