|
|
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің УГ-157/11 мемлекеттік мекемесін құру туралы
Бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдердің жазаларын өтеу жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «УГ-157/11 мекемесі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) - бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдердің жазаларын өтеуге арналған түзеу колониясы құрылсын. 2. Мекемені ұстау шығыстарын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын. 4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: «Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 104-жолмен толықтырылсын: «104. «УГ-157/11 мекемесі». 5. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |