Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Резидент табысынан төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша есебіне (101.03-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша есепті жасау (2010.30.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық агентінің төлем көзінен салық салынатын табыстарды көрсетуіне, есептеуіне және резиденттің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығын уақтылы төлеуге арналған Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 144-бабына сай келетін салық агенті жасайды. 2. Есеп осы Есептің өзінен (101.03-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (101.03) тұрады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 5. Есепке қосымша Есептегі тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Есепке қосымша онда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. 7. Есепке қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|