Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Коммерциялық табу бонусы бойынша декларацияға (520.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларация) жасау (2010.30.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Коммерциялық табу бонусы бойынша салықты есептеуге арналған, осы Ережелер қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - Декларация) коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігі (декларация) нысандарын жасау тәртібін айқындайды. Коммерциялық табу бонусы бойынша Декларация жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір бөлек келісім-шарт бойынша, жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттар шеңберінде, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде келісім-шартта көрсетілген территорияда пайдалы қазбаларды коммерциялық табу туралы жариялаған жер қойнауын пайдаланушылармен жасалады. 2. Декларация Декларацияның өзінен (520.00-нысан) және пайдалы қазбаларды өндіруге салық міндеттілігін есептеу туралы ақпаратты нақты көрсету үшін арналған, оған қосымшадан (520.01-нысанынан) тұрады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Тиісті көрсеткіштерді нақтылауды қажет ететін, Декларация жолдарын толтыру кезінде Декларацияға қосымша міндетті түрде толтырылады 5. Декларацияға қосымша парағында бар жолдардағы көрсеткіштер саны асқан жағдайында, Декларацияға қосымшаның осындай парағы толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|