Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Үстеме пайда салығы бойынша декларацияға (540.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін жасау (2010.30.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және үстеме пайда салығын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшасына сәйкес үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Үстеме пайда салығы бойынша декларацияны өнімді бөлу туралы келісімдер (келісім-шарттар), Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт, пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемейтін, кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және (немесе) емдік балшықтарды барлауға, барлау және өндіруге немесе өндіруге арналған келісім-шарттар, сондай-ақ барлау және өндіруге байланысы жоқ жер асты ғимараттарының құрылысына және пайдалануына арналған келісім-шарттар бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардан басқа, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісім-шарт бойынша жеке толтырады. 2. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті тор көздері толтырылмайды. 4. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының бірінші сол жақ торкөзінде « - » белгісімен көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|