Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларацияға (560.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық есептілігін (декларация) жасау (2010.30.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді есептеуге арналған, осы Ережелер қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - Декларация) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық есептілігі (декларация) нысанын жасау тәртібін айқындайды. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі Декларация, жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасауға дейін геологиялық зерттеуге және тиісті шартты территорияны әзірлеуге мемлекет шығындары жұмсалған пайдалы қазбалар кен орындары бойынша, Қазақстан Республикасының заңдылығымен белгіленген тәртіпте жер қойнауын пайдалануға жасаған келісім-шарт жасаған жер қойнауын пайдаланушылармен жасалады. 2. Декларация Декларацияның өзінен (560.00-нысан) және Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық міндеттілігін есептеу туралы ақпаратты нақты көрсету үшін арналған, оған қосымшадан (560.01-нысанынан) тұрады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Декларацияға қосымша парағында бар жолдардағы көрсеткіштер саны асқан жағдайында, Декларацияға қосымшаның осындай парағы толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|