Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Экспортқа арналған ренталық салық бойынша декларацияға (570.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін (декларация) жасау (2010.30.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және экспортқа арналған ренталық салықты есептеуге арналған, осы Ережелер қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - Декларация) экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігі нысанын жасау тәртібін айқындайды. Экспортқа арналған ренталық салық бойынша Декларация шикі мұнай, газ конденсатын, көмірді экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалармен жасалады. 2. Декларация Декларацияның өзінен (570.00-нысан) және экспортқа арналған ренталық салықты есептеу туралы ақпаратты нақты көрсету үшін арналған, оған қосымшадан (570.01-нысанынан) тұрады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер жоқ болғанда Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Тиісті көрсеткіштерді нақтылауды қажет ететін, Декларация жолдарын толтыру кезінде Декларацияға қосымша міндетті түрде толтырылады. 6. Есепте соманың теріс мәні тиісті жолдың бірінші сол торкөзінде «- » белгісімен көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|