Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 986 Бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Мынадай бұйрықтардың: 1) «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 941 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2635 тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2004 жылғы 17 қаңтарда № 3 (159) жарияланған); 2) «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 941 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының № 396 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3823 тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 13 желтоқсанда № 168 (792) жарияланған); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|