Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 63 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 7, 73-құжат; 2004 ж., № 14, 173-құжат; 2006 ж., № 20, 194-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: 1-бөлімде: төртінші абзацтағы «этникалық топтардың тілдерін дамыту» деген сөздерден кейін «және ағылшын тілін іскерлік қарым-қатынасқа енгізу» деген сөздермен толықтырылсын; бесінші абзац «енгізуді жүзеге асыру» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Республика азаматтарының ағылшын тілін оқып-үйренуі үшін жағдай жасау.»; 3-бөлім мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: «Сонымен бірге Президент «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «...»Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс...», - деп айтқан болатын. Осыған орай қазақ тілін - мемлекеттік тіл, орыс тілін - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде дамытуды да мемлекеттік тіл саясатының негізгі басымдықтарының бірі ретінде қолға алу керек.»; 3) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын: «Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәртебесін арттыру, оның ережесін, міндеттерін, құрылымын қайта қарау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|