Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін декларацияға (870.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларация) жасау (2010.30.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда Салық кодексінің 493-бабында белгіленген төлемақы төлеушілер жасайды. 2. Декларация Салық кодексінің 498-бабына сәйкес жасалады, осы Декларацияның өзінен (870.00-нысан) және Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеу объектілері туралы ақпаратты ашу жөніндегі оған қосымшадан (870.01 нысан) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|