Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы
2010 жылғы 4 наурызда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа (бұдан әрі - Жарлық) қол қойды. Жарлықпен «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына оның кейбір нормаларын нақтылайтын толықтырулар мен өзгерістер енгізілген. Мәселен, онда тұжырымдама мен доктринаның анықтамалары берілген, оларды іске асырудың параметрлері нақтыланып, тетіктері айқындалған. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бекітудің жаңа мерзімділігі белгіленді. Сондай-ақ Жарлықпен Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) бекітілді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|