|
2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау
Осы редакция 2010 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын. 2. 2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|