Осы редакция 2010 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының Осы Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртібін белгiлейдi. 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады: 1) кепiлдiк жағдай - қатысушының астық сақтау қоймаларындағы (астық қабылдау пункттеріндегі, элеваторлардағы) астықтың жеткiлiктi көлемiнiң және (немесе) астықтың қажеттi сапада болмауымен көрiнетiн, уәкiлеттi органның аумақтық басқармасы растаған мiндеттемелердi орындамау фактiсi; 2) кепiлдiк жағдай болған күнi - астық қолхатын ұстаушыға уәкiлеттi органның аумақтық басқармасының қатысушының мiндеттемелерiн орындамау фактiсiн растайтын құжатты берген күн; 3) қатысу шарты - қор мен астық қабылдау кәсiпорны арасында жасалған шарт, соның негiзiнде соңғысы астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысады; 4) квота - қайтару жөніндегі жауапкершiлiкке қор кепiлдiк беретiн, қор белгiлеген әрбiр қатысушы бойынша астық лимитi; 5) тараптардың терiс пиғылды әрекеттерi - астық қолхаттарын ұстаушылар мен қатысушылардың кепiлдiк жағдайдың туындауына немесе оның болуына ықпал етуге бағытталған, соның iшiнде өзара келiсу арқылы шындыққа сай емес ақпараттар берген қасақана заңсыз әрекеттер; 6) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесi - астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін астық қабылдау кәсiпорындары берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi олардың орындамауынан қорғауға бағытталған ұйымдастыру-құқықтық шаралар кешенi; 7) баға кестесi - кепiлдiк төлемдердiң мөлшерiн айқындау үшiн қажеттi және белгiлi бiр кезеңге оның сапасына сәйкес қор белгiлеген астықтың құнын қамтитын құжат; 8) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі; 9) қатысушы - қормен қатысу шарты жасалған және қолданылып жүрген астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар астық қабылдау кәсiпорны; 10) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры - астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiн қатысушылар берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi олардың орындамауынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға (бұдан әрi - қор); 11) астық иесi - астық қабылдау кәсiпорнына астықты сақтауға берген жеке немесе заңды тұлға; 12) астық қолхатын ұстаушы - астық қолхатында индоссамент-индоссат жасалған жағдайдағы астықтың иесi; 13) еңсерiлмес күш - осындай жағдайлар кезiнде төтенше және алдын алдырмайтын жағдайлар (апатты құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.). 2. Қордың кепiлдiгiн алу тәртібі 2. Қордың кепiлдiгiн алу үшiн қатысушы берген астық қолхаттарын ұстаушы қорға: 1) кепiлдiк және қоймалық куәлiктерi бөлiнбеген астық қолхатын; 2) егер осы астық қолхатын ұстаушы астықтың иесi болып табылған жағдайда, астық қабылдау кәсiпорнына астықтың түскендiгi туралы қатысушының белгiсi бар тауарлық-көлiктiк жүкқұжаттардың көшiрмесi; 3) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң тиiстi шешiмiмен бекітілген астықты сақтауға жария шарттың үлгi нысанына сәйкес келетiн жасалған сақтау шартының көшiрмесi; 4) қатысушының осы астық қолхатын квотаға кiргiзу туралы ұсынысы бар жолдама хатын ұсынады. 3. Астық қолхатын ұстаушы болып табылатын тұлғаға қатысушы үшiн қормен белгiленген квота шегiнде кепiлдiк беру лауазымды адамның қолы қойылып және қордың мөрi басылып астық қолхатына тиiсiнше жазба жазу жолымен жүзеге асырылады. 3. Қордың мiндеттемелердi өтеу тәртібі 4. Кепiлдiк жағдай болған кезде қор астық қолхатын ұстаушыға қатысушыда жетiспеушiлiгi анықталған астықтың құнын, осы Ережеде белгiленген шарттарда берiлген астық қолхаттары бойынша төлеуге жататын берешектiң бүкiл сомасының сексен пайызынан аспайтындай мөлшерде ақшалай төлейдi. 5. Қор кепiлдiгiнiң қолданылу мерзiмi қордың астық қолхатына жазу жазылған күннен бастап он екi айға (не кепiлдiк беру кезiнде астық қолхатындағы жазуда көрсетiлген өзге мерзiмге) тең уақыт кезеңiн құрайды. Қордың кепiлдiгi заңнамада белгiленген тәртiппен астық қолхатын өтеген жағдайда да қолданылуын тоқтатады. 6. Қатысушы болып табылмайтын және квотаға енгiзiлмеген астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiнiң орындалуына қор кепiлдiк бермейдi. 7. Астық қолхатын ұстаушылар болып табылатын тұлғаларға қор қатысушылардың астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн өтеуi осы Ереженiң 2 және 3-тармақтарын орындаған кезде жүзеге асырады. 8. Осы Ереженiң 11-тармағының 4) тармақшасында және 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк жағдайы болған кезде қор кепiлдiк берген астық қолхатын ұстаушы кепiлдiк жағдайы болған күннен бастап 10 күннiң iшiнде кепiлдiк төлемдi алу үшiн қорға өтiнiш бередi. 9. Кепiлдiк төлемдi алу үшiн қорға: 1) кепiлдiк төлемдi алу туралы талап еткен өтiнiш; 2) қатысушының астық қоймаларында (астық қабылдау пункттерiнде, элеваторларда) астықтың жеткiлiктi мөлшерiнiң және (немесе) белгiленген сападағы астықтың жоқтығын растайтын уәкiлеттi органның аумақтық басқармасының құжаты (анықтамасы, актiсi); 3) астық қолхаттарының (кепiлдiк не қоймалық куәлiктердiң) нотариалды расталған көшiрмелерi; егер астық қолхатын немесе қоймалық куәлiктi ұстаушы жүгiнген жағдайда - сақтау шартының көшiрмелерi; пайдасына астық кепiлдiкке ұсынған тұлға жүгiнген жағдайда - қарыз шарты және кепiлдiк шарты. Талапты қанағаттандыру туралы шешiм қабылданған жағдайда жоғарыда көрсетiлген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады; 4) егер астық қолхатын ұстаушы жеке тұлға болып табылса - жеке куәлiгiнiң (паспортының) көшiрмесi, ал егер заңды тұлға болса мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң көшiрмесi ұсынылады. 10. Қор 10 жұмыс күнi iшiнде астық қолхатын ұстаушының талабын қарайды және оны қанағаттандыру немесе одан бас тарту туралы шешiм шығарады. Талаптарды қарауға кепiлдiк жағдайының болуына жол берген қатысушы тартылады. 11. Қор кепiлдiк төлемдi жүзеге асыру туралы талапты қанағаттандырудан: 1) кепiлдiк жағдайы туындамаған; 2) тараптардың терiс пиғылды әрекеттерi анықталған; 3) кепiлдiк жағдайының болуы еңсерiлмес күштен туындаған; 4) астық қолхатын ұстаушының талабын қанағаттандыру және қатысушыдан берешектi өндiрiп алу туралы сот шешiмi болған; 5) қорға жүгiнудiң осы Ережеде белгiленген мерзiмдерi өткен; 6) астық қолхаты бойынша мiндеттемелердi орындау жөніндегі қор кепiлдiгiнiң қолданылу мерзiмi өткен; 7) егер қатысушы талапты қарау мерзiмiнiң iшiнде астық қолхаты (кепiлдiк немесе қоймалық куәлiктер) бойынша өз мiндеттемелерiн орындаған; 8) астық қолхатының екi бөлiгiнде де жазба жасалған күн көрсетiлiп, лауазымды адамның қолы қойылған және қордың мөрi басылған осы астық қолхатына қордың кепiлдiк беруi туралы мәлiметтер қамтылған жазба болмаған жағдайларда бас тартады. 12. Қатысушыдан берешектi өндiрiп алу мақсатында астық қолхаттарын ұстаушылардың сотқа (төрелiк сотқа) жүгiнуi сот шешiмi шығарылғанға дейiн кепiлдiк төлемдi жүзеге асыру туралы талаптарды қарауды тоқтата тұруға негiз болып табылады. Астық қолхаттарын ұстаушылар сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап 10 күн iшiнде кепiлдiк төлемдi алу үшiн қорға жүгiнедi. 13. Қор астық қолхатын ұстаушының дәлелдi өтiнiшi бойынша қорға жүгiну мерзiмiн қалпына келтiре алады. 14. Мiндеттемелердiң орындалмауына жол берген қатысушының уақытша басқаруды енгiзуi, қатысушыны қайта ұйымдастыру, қатысушыны астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiнен шығapу астық қолхатын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандырудан бас тарту үшiн негiз болып табылмайды. 15. Қор астық қолхатын ұстаушының талабын қанағаттандыру туралы шешiм қабылдаған жағдайда қор шешiм шығарылған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде астық қолхатын ұстаушыға кепiлдiк төлемiн жүргiзедi. 16. Астық қолхатын ұстаушыға қатысушы астық қолхатын (қоймалық немесе кепiлдiк куәлiктердi) көрсеткенде бермеген астықтың ғана құны қайтарылады. 17. Қор жыл сайын өз кепiлдiктерi қолданылуының барлық кезеңiне астыққа арналған баға кестесiн бекiтедi, сол бойынша кепiлдiк төлемдер жүргiзiледi. Қор баға кестесiне өзгерістер енгiзе алады, бiрақ бұрын берiлген кепiлдiктерге, қордың кепiлдiк беру сәтiнде қолданыста болған баға кестесi бойынша есептiк баға қолданылады. Баға кестесiн астық рыногында қалыптасқан бағаны ескере отырып, қор бекiтедi. 18. Кепiлдiк төлем үш көрсеткiштiң: 1) астық қолхатында көрсетiлген астық көлемiнiң; 2) астық қолхатында (кепілдiк немесе қойма куәлiктерiнде) көрсетiлген астықтың сапасына ұқсас сапалық көрсеткiштер бойынша баға кестесi бойынша бiр тонна астық құнының; 3) қор 0,8-ден аспайтын мөлшерде белгiлеген төлем коэффициентiнiң туындысы ретiнде анықталады. 19. Астық қолхатын ұстаушының астықты сақтау жөніндегі қатысушының алдында берешегi болған жағдайларда, кепiлдiк төлемнен астықты сақтау жөніндегі берешектiң сомасы шегерiледi. 20. Егер өтеу өсiмақы мен айыппұл ескерiле отырып, астық қолхатында көрсетiлген қарыз алушының берешегiнiң нақты мөлшерiнен асатын болса, онда кредит берушi оны алған сәттен бастап үш банктiк күн iшiнде қойма куәлiгiн қорға берудiң орнына қарыз алушыға айырманы аударады. 21. Егер қатысушы астық қолхаты (кепiлдiк және (немесе) қойма куәлiгi) бойынша өз мiндеттемелерiн iшiнара орындаған жағдайда, қор астықтың қатысушының бермеген бөлiгiне ғана өтем бередi. 22. Кепiлдiк төлем теңгемен жүзеге асырылады. Кепiлдiк төлем қордың және астық қолхатын ұстаушының өзара келісімi бойынша астықпен жүзеге асырылуы мүмкiн. 23. Қор астық қолхатын ұстаушыға кепiлдiк төлемдi жүзеге асыру жөніндегі мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн соңғысы тез арада онда қордың пайдасына тапсыру жазбасын жазу арқылы оны қорға бередi және қор қатысушының кредит берушiсi құқығына ие болады. 24. Кепiлдiкке қойылған астықтың құнынан қатысушының оны бepмeуi салдарынан өз талаптарын қанағаттандыра алмаған астық қолхатының кепiлдiк куәлiгiн ұстаушылар да кепiлдiк төлемдi алу үшiн қорға жүгiне алады. 25. Егер құнын осы Ережеге сәйкес қор өтеген астық астық қолхатын немесе кепiлдiк куәлiгiн беру арқылы кепiлдiк құралы болып табылған жағдайда, астық қолхатын ұстаушы ол бойынша мiндеттемелердi орындау астықпен қамтамасыз етiлген қарыз шарты бойынша талап ету құқығын да қор кепiлдiк төлем бойынша өтеген ақша сомасының бiр бөлiгiнде қорға бередi. |