Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 1010 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 648 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған егістік алқаптар көлемін айқындау үшін комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру ережесін және қолайсыз табиғат құбылысы фактісі бойынша зерттеу актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 1010 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 431-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған егістік алқаптар көлемін айқындау үшін комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру ережесінде: 2-тармақтың жетінші абзацында, 10-тармақтың екінші абзацында және 13-тармақта «сақтандырушымен», «сақтандырушының», «сақтандырушы» деген сөздерден кейін «немесе өзара сақтандыру қоғамымен», «немесе өзара сақтандыру қоғамының», «немесе өзара сақтандыру қоғамы» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақта: екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «агент - жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдингтің құрамына кіретін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|