|
|
|
1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Анталия провинциясының
ҚР 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 65-V Заңымен ратификацияланды 2013 жылғы 14 ақпанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі, 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Анталия провинциясының Кемер уезінде орналасқан меншікті Қазақстан Республикасына пайдалануға беру туралы хаттаманың (бұдан әрі - 1993 жылғы Хаттама) ережелерін басшылыққа ала отырып, 1993 жылғы Хаттамаға мынадай өзгерістер енгізу туралы келісті:
1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «Мазмұны Осы Хаттамаға сәйкес Анталия провинциясының Кемер уезінде Бельдиби ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 66023,41 шаршы метр, 806 нөмірлі орманды жер учаскесі Қазақстан Республикасына пайдалануға беріледі.».
2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «Пайдалану түрі Алаңы 22295,36 шаршы метр берілетін жер учаскесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасына мемлекеттік резиденция үшін рекреациялық және сауықтыру мақсатында пайдалануға өтеусіз негізде беріледі. Алаңы 43728,05 шаршы метр жер учаскесінің басқа бөлігі Қазақстан Республикасына коммерциялық мақсатта пайдалану үшін ақылы негізде беріледі. Осы жер учаскесін коммерциялық мақсатта пайдалануға байланысты салықтарды, баждар мен өзге де міндетті алымдарды төлеу тәртібі мен шарттары Түрік Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. Қазақстандық Тарапта алаңы 43728,05 шаршы метр жер учаскесін коммерциялық мақсатта пайдалануға байланысты салықтарды, баждар мен өзге де міндетті алымдарды төлеу жөніндегі міндеттеме осы Хаттама күшіне енген күнінен бастап туындайды. Осы Хаттаманың шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы жалдауға алынған жер учаскесін Қазақстан Республикасының ресми тұлғалары мен мекемелеріне береді. Қазақстандық Тарап өзіне берілген жер учаскелерін ұстау жөніндегі барлық шығыстарды көтереді және Түрік Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізе алады.».
3-баптың бірінші абзацындағы «тегін» деген сөз алынып тасталсын.
6-баптағы «Вена дипломатиялық конвенция» деген сөздер «18 сәуірдегі дипломатиялық қатынастар туралы Веналық конвенцияның» деген сөздермен ауыстырылсын.
Осы Хаттама 1993 жылғы Хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
2012 жылғы 16 сәуірде Анкарада қаласында әрқайсысы қазақ және түрік тілдерінде бірдей заң күші бар екі данада жасалды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |