Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы
2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 311-ІV Заңымен ратификацияланды 2011 жылғы 17 ақпанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттерінің (бұдан әрі - кеден одағы) үкіметтері, 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа негізделе отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап Келісімнің әрекет ету саласы
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары (бұдан әрі - кеден органдары) осы Келісімнің ережелеріне сәйкес: кеден одағы кеден заңнамасының және кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге ықпал ететін ақпаратпен алмасады; кеден одағына басқа мүше мемлекеттің кеден органының тапсырмасы бойынша кедендік бақылаудың жеке нысандарын жүргізеді; кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара таниды.
Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер
Осы Келісімде мынадай терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады: Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті; Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті; Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі; Беларусь Республикасы үшін - кедендер; Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелер, кедендер; Ресей Федерациясы үшін - өңірлік кедендік басқармалар мен кедендер; 3) сұрау салушы кеден органы - осы Келісімге сәйкес сұрау салуды жіберетін кеден органы; 4) сұрау салынатын кеден органы - осы Келісімге сәйкес сұрау салуды алған кеден органы; 5) тапсырма беретін кеден органы - осы Келісімге сәйкес тапсырманы жіберетін кеден органы; 6) атқарушы кеден органы - осы Келісімге сәйкес тапсырманы алған кеден органы.
ІІ-бөлім. Кеден органдары арасында ақпаратпен алмасу
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|