Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 432 қаулысымен мақұлданған
жоба
Электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен тауарларды өткізу тәртібі туралы
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері, электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен тауарларды өткізу тәртібі туралы келісімге қол жеткізу мақсатында, Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы 2007 жылғы 6 қазандағы шарттың және Кеден одағының кеден кодексі туралы 2009 жылғы 27 қарашадағы шарттың ережелеріне негізделе отырып, халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Келісімнің мәні
Осы Келісім кедендік бақылауда тұрған тауарларды электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен кеден одағының кедендік аумағына әкелу, осы аумақтан әкету және кеден одағының кедендік аумағы бойынша өткізу тәртібін, оның ішінде құбыржол көлігін пайдалана отырып аралас тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі оларды кедендік декларациялау, сондай-ақ мұндай тауарлар үшін кедендік транзит кедендік рәсімін пайдалану ерекшеліктерін айқындайды.
Осы Келісімде пайдаланылатын негізгі терминдер
1. Осы Келісімде мынадай негізгі терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады: 1) тасымалдаушы - құбыржол көлігін пайдалану және (немесе) өткізуге (өткізуді ұйымдастыруға) арналған шарт (шарттар) бар болған жағдайда тауарларды құбыржол көлігімен өткізуге, сондай-ақ құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды бақылау мен есепке алуға жауапты болып табылатын тұлға; 2) оператор — электр беру желілерін пайдалану және (немесе) өткізуге (өткізуді ұйымдастыруға) арналған шарт (шарттар) бар болған жағдайда тауарларды электр беру желілері бойынша өткізуге, сондай-ақ электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды бақылау мен есепке алуға жауапты болып табылатын тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|