|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат): 1) мынадай мазмұндағы 312-1-баппен толықтырылсын: «312-1-бап. Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу кезінде бұзу 1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесін табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу - сарапшы ұйымға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2 Объектінің өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы дұрыс емес ақпараты бар, өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша қорытындыны табыс ету - сарапшы ұйымға айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша көрінеу жалған қорытындыны табыс ету - сарапшы ұйымға аккредиттеу аттестатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 2) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «311-1 (жетінші бөлігінде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде),» деген сөздер «309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1,» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма бірінші абзацы «233,» деген цифрлардан кейін «312-1,» деген цифрлармен толықтырылсын. 2. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат, № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) адамдар жаппай жиналатын объект - бір мезгілде жүз және одан көп адамның келуіне есептелген сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, ғибадат мекемелерінің, көңіл көтеру орындарының ғимараттары, құрылыстары және үй-жайлары, көліктің барлық түрлерінің вокзалдары, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан көп адамның келуіне есептелген денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараттары мен құрылыстары; 2) аккредиттеу - заңды тұлғаның өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға құқықтылығын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның ресми тануы; 3) аккредиттеу аттестаты - өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғаның өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат; 4) ерікті өрт сөндіруші - өрттердің алдын алу және (немесе) оларды сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде тікелей қатысатын, ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркелген азамат; 5) қоныстану аумағы - елді мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған бөлігі; 6) объект - жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік, оның ішінде ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар, технологиялық қондырғылар, жабдық, агрегаттар мен өрттің алдын алу және өрт кезінде адамдарды қорғау үшін өрт қауіпсіздігі талаптары белгіленген немесе белгіленуге тиіс өзге де мүлік; 7) өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне материалдық залал, зиян келтіретін бақылаусыз жану; 8) өртке қарсы ерікті құралымдар - дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылатын қоғамдық бірлестіктер; 9) өртке қарсы қызмет - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы күштері мен құралдарының, сондай-ақ өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді ұйымдастыруға, өрттерді сөндірумен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жиынтығы; 10) өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, қоғам мен мемлекеттің өрттен қорғалуының жай-күйі; 11) өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнаулы шарттар; 12) өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау -объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілеу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 13) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі; 14) өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өрт қауіпсіздігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 15) өрт қауіпсіздігі шаралары - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекеттер; 16) өрт сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүлікті құтқару және эвакуациялау, өрт кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі іс-әрекеттер; 17) өрт сөндіру-техникалық өнімі - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде өрт сендіру техникасы мен жабдығы, өрт сөндіру жарақтары, отты сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базасы, сондай-ақ өрттердің алдын алудың және оларды сөндірудің өзге де құралдары; 18) сарапшы ұйым - өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйым; 19) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісі - пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру) елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдары қызметінің бұзылуына әкеп соғатын денсаулық сақтау, телекоммуникация, байланыс, газбен, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдары.»; 2) 5-бап мынадай мазмұндағы он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын: «- өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу тәртібін бекітеді; - өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 3) 6-бап мынадай мазмұндағы 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын: «17) өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді; 18) сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді; 19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»; 4) 7-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; тақырыбында: «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздермен, «аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздер «аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзацта: «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздермен ауыстырылсын; «аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздер «аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын»; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»; 6) 9-5-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «Ұлттық қауіпсіздік органдары, қорғаныс, қылмыстық-атқару жүйесі объектілерінде, шахталардың,» деген сөздер «Шахталардың,» деген сөзбен ауыстырылсын; 7) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын: «13-бап. Өртке қарсы ерікті құралымдар 1. Дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында өртке қарсы ерікті құралымдар құрылуы мүмкін. 2. Өртке қарсы ерікті құралымдардың негізгі міндеттеріне: 1) дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды жою; 2) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттерді сөндірумен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу; 3) өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жатады. Өртке қарсы ерікті құралымдар өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту және оларды өрт шыққан кездегі іс-әрекеттерге әзірлеуді жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді. 3. Өртке қарсы ерікті құралымдар ерікті өрт сөндірушілерден жасақталады. Ерікті өрт сөндірушілерге ерікті негізде өзінің іскерлік және моральдық қасиеттерімен, сондай-ақ денсаулық жағдайына қарай өрттердің алдын алумен және (немесе) оларды сөндірумен байланысты міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар жеке тәртіппен қабылданады. Ерікті өрт сөндірушілерге қабылданған азаматтар жүргізілуін ерікті өртке қарсы құралымдар жүзеге асыратын ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркеледі және бастапқы даярлықтан өтеді. Ерікті өрт сөндірушілердің бастапқы даярлық бағдарламасын уәкілетті орган бекітеді. Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі даярлығы өртке қарсы ерікті құралымда жүзеге асырылады. Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі даярлық бағдарламасын өртке қарсы ерікті құралымның басшысы әзірлейді және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді. 4. Өртке дер кезінде ден қою үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша өртке қарсы ерікті құралымның басшысы ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәртібі мен оларды өрт шыққан жерге жеткізу тәсілін айқындайды. 5. Ерікті өрт сөндірушінің өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайдағы кепілдіктері өртке қарсы ерікті құралымның жарғысында белгіленеді. 6. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізеді.»; бірінші бөліктегі «жауынгерлік» деген сөз алып тасталсын; сегізінші бөліктегі «01» деген цифрлар «101» деген цифрлармен ауыстырылсын; 10) 18-бап мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын: «- өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау;»; 11) 25-баптың үшінші бөлігінің тоғызыншы абзацындағы «жауынгерлік» деген сөз алып тасталсын; 12) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын: «5-1-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау 25-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу 1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау объектінің меншік иесі мен сарапшы ұйым арасында жасалатын шарт негізінде жүргізіледі. Сарапшы ұйым өрт қауіпсіздігі саласындағы өзге де қызметті жүзеге асыруға, басқа жұмыстарды орындауға және (немесе) қызметтер көрсетуге құқылы емес, сондай-ақ өзіне меншік құқығымен тиесілі объектіде өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалауды жүргізе алмайды. 2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау мынадай іс-шараларды: 1) объектінің өрт қауіптілігін, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейін сипаттайтын құжаттарды талдауды; 2) объектінің өрт қауіпсіздігі жай-күйі туралы объективті ақпарат алу, өрттің шығу және өршу, өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер ету мүмкіндігін анықтау үшін, сондай-ақ объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін айқындау үшін объектіні тексеруді; 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі есептемелерді жүргізуді; 4) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындауды қамтиды. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері қорытынды түрінде ресімделеді. Сарапшы ұйым қорытынды жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қорытындының көшірмесін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне табыс етеді. Қорытындының қолданылу мерзімі үш жылды құрайды. 3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау мемлекеттік меншік объектілерінде, адамдар жаппай жиналатын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде жүргізілмейді. Қатерлерді тәуелсіз бағалау нәтижелері объектілерді қатер дәрежесі бойынша бөлу үшін негіз болып табылады. 25-2-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу 1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады. 2. Өзінің штатында мынадай талаптардың біріне сай келетін: 1) өрт қауіпсіздігі саласында жоғары білімі бар; 2) өзге жоғары білімі және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, арнайы оқыту курстарынан өткен кемінде үш маманы бар ұйымдар сарапшы ұйымдар бола алады. Сарапшы ұйымдар үшін мамандарды арнайы оқыту курстары мамандандырылған оқыту ұйымдарында өткізіледі, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 3. Аккредиттеу үшін ұйым мынадай құжаттарды: 1) өтінішті; 2) ұйым жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін; 3) ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін; 4) ұйым мамандарының білімі туралы, мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердегі жұмыс стажы, сондай-ақ олардың арнайы оқыту курстарынан өткені туралы құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін; 5) ұйымдарға меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі үй-жай, жабдық туралы мәліметтерді ұсынады. 4. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, оның құрамы мен қызмет тәртібін уәкілетті органның басшысы айқындайды. Комиссия аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды олар уәкілетті органға түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізеді және өтініш берушіге аккредиттеу аттестатын береді. 5. Ұсынылған құжаттар осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аккредиттеуден бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде мұндай бас тартудың себептері көрсетіле отырып, дәлелді жазбаша жауап жіберіледі. 6. Аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде өтініш берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 7. Уәкілетті орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешім қабылданған кезден бастап есептеледі. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты сарапшы ұйым қайта аккредиттеу үшін осы бапта көзделген құжаттарды табыс етеді. 8. Аккредиттеу аттестатында: 1) ұйымның атауы (аты және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету), орналасқан жері; 2) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі; 3) аккредиттеу аттестатының сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген күні; 4) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі көрсетіледі. Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады. Аккредиттеу аттестаты жалғыз данада беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады. Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары сарапшы ұйым уәкілетті органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады. Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын беруді жүргізеді. 9. Аккредиттеу аттестатынан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 10. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы мынадай: 1) сарапшы ұйымның аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтату туралы өтініш беруі; 2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің өтуі; 3) заңды тұлғаның таратылуы; 4) аккредиттеу аттестатынан айыру негіздері бойынша тоқтатылады. 11. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, сарапшы ұйым аккредиттеу аттестатын уәкілетті органға он күн мерзімде қайтаруға міндетті.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы маусымның 28-і. № 295-ІV ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |