Кеден одағыының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін (2017.11.04. берілген өзгерістермен)
ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 312-ІV Заңымен ратификацияланды
Кеден одағына мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты, 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты, кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарын негізге ала отырып, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын назарға ала отырып, мына төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімде пайдаланылатын негізгі терминдер
1. Осы Келісімде мынадай негізгі терминдер және олардың анықтамалары пайдаланылады: 1)еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ - кеден одағына мүше мемлекет аумағының кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген шектердегі бір бөлігі, мұнда кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асырудың ерекше (арнайы құқықтық) режимі қолданылады, сондай-ақ еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылуы мүмкін; 2) порттық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ - халықаралық қатынас және шетелдік су кемелерінің кіруі үшін ашық теңіз порты, өзен порты аумағының бір бөлігінде немесе халықаралық әуе тасымалын орындайтын әуе кемелерін қабылдау және жөнелту үшін ашық әуежай аумағының бір бөлігінде және теңіз портының, өзен портының немесе әуежай аумақтарының жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған мүліктік кешендер орналасқан бөліктерін қоспағанда, осындай теңіз портына, өзен портына немесе әуежайға іргелес аумақта құрылатын еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|