Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға (130.00-нысан) қосымша
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны акционерлік қоғамдарды, мекемелер мен Салық кодексінің 134-бабына сәйкес қызметін жүзеге асыратын пәтер (үй-жайлар) иелерінің тұтыну кооперативтерінен басқа, тұтыну кооперативтерін қоспағанда коммерциялық емес ұйымдар жасайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (130-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (130.01-ден 130.03-ке дейінгі нысандар) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. 7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. 8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді. 1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады; 2) электронды тасығышта - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|